Президенттік көпсайыс жеңімпаздары

18-20 сәуір күндері Ақтөбе қаласында өткен Президенттік көпсайыстан жүзу және жүгіру спорты бойынша Бадамша балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері жүлделі орынмен оралды.

Жеңімпаздар арасында Ксения Шмальц, Андрей Мороз, Микаэла Парсегова, Елизавета Замирайло, Лаура Каиыржанова, Леонид Синцов жүлделі І орынға ие болса, Егор Целиков,  Милла Ботнарь жүлделі ІІ орынға, ал Илья Томчук ІІІ орынға қол жеткізді.

Осылайша,  БЖСМ командалық есепте жүгіру  мен жүзу спорт түрінен  ІІ орынды қанжығасына байлады. Спортшыларымызды жарысқа дайындаған жаттықтырушылары Айдар Жамалов пен Айдын Шибаев.

Қарғалы-АҚПАРАТ