Ақтөбе облысының ТЖД өрт қауіпсіздігі шараларын күшейтті

Өңірде жазғы кезеңде өрттің алдын алу бойынша шаралар іске асырылуда. Бұған жергілікті атқарушы органдар мен төтенше жағдайлар қызметтерінің мамандары күш біріктіріп атсалысуда. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Ақтөбе облысы ТЖД бастығының орынбасары Айбат Жаңабергенов өрт қауіпті кезеңде құтқару қызметтері күшейтілген жұмыс тәртібіне көшірілгенін атап өтті.
«Облыс аумағында өрт сөндіру бекеттерін құру жұмыстары кезең-кезеңімен атқарылуда. Жалпы қауіпті кезеңде 73 өрт сөндіру бекеті жұмыс істейтін болады. 178 елді мекенді өрттен қорғау үшін 100 мыңнан астам маман жұмылдырылды. Төтенше жағдайлар департаменті өрт қауіпсіздігін арттыру мақсатында 10 автоцистерна беруді жоспарлап отыр. Сонымен қатар 2 мыңға жуық адамы бар ерікті өртке қарсы құрылымдар орман-дала өрттерін сөндіруге арналған арнайы жабдықтармен жабдықталған» – деді департамент өкілі.
Айбат Жаңабергеновтың айтуынша, орын алған тұрмыстық және дала өрттерінің себебі көбіне адами факторлар болады. Сондықтан тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды ескертті. Әсіресе, саяжайлар мен егістік алқаптарда құрғақ шөптерді өртеуге, темекі тұқылдарын өшірмей тастауға, тұрғын үйлердің маңында қоқыстарды жағуға қатаң тыйым салынады. Тәртіпті бұзғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.