Асхат Шахаров Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған «80 алғыс сөз» атты челленджді қолдады

Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында «80 алғыс сөз» атты челлендж жарияланғанынан хабардармын.Шындығында, ерлікті есте сақтап, Жеңіс жолында майданда қан, тылда тер төккен барша майдангерлер мен тыл еңбеккерлеріне алғыс айтып, құрмет көрсету біздің қасиетті парызымыз.

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде әрбір бесінші қазақстандық майданға аттанып, Отан қорғауға атсалысты. Соғыс салған қасірет әрбір жанұяның тарихында өшпес із қалдырды.

Біздің аталарымыз бен аналарымыздың батырлығы мен жанқиярлығы, олардың өз Отанына деген шексіз сүйіспеншіліктері Қазақстанның бүгінгі жастарына зор үлгі.

Ендеше өңіріміздің әр тұрғынын қазыналы қарттарымызды ардақтап, қал-қадіріміз жеткенше қайырымдылық жасап, оларға қолдау көрсетуге шақырамын.

Тарихымызда қалған бұл сұрапыл соғыстың кеселінен өткен ата апаларымызға амандық тілеймін!

Еліміздің дархан даласы кең, аспаны әрдайым ашық болсын!

aqtobegazeti.kz