Ауған соғысы жауынгерлерін еске алды

Биыл Ауғанстан жерінен Кеңес әскерінің шығарылғанына 36 жыл толды. Осыған орай, Ауған соғысының құрбандарын еске алуға арналған ескерткіш алаңында қаза тапқан жауынгерлерді еске алу шарасы өтті.

Айта кететін болсақ, тарих жылнамасынан өзінің қаралы жылдарымен есте қалған зұлматтың бірі – Ауған соғысы. Жылдар өтсе де, ержүрек жауынгерлеріміздің өшпес ерлігі ел есінде мәңгі сақталады.

Солардың қатарында жерлесіміз Жоныс Үкібаев та бар. Ол сол соғыста интернационалдық борышын өтеу барысында ерлікпен қаза тауып, «Қызыл жұлдыз» орденімен марапатталды. Бүгінде аудан орталығындағы бір көше ер жүрек жерлесіміздің есімімен аталып, арнайы ескерткіш белгі орнатылды.

Жиынға Ауған соғысының ардагерлері мен мекеме басшылары және де  аудан жастары қатысып, ескерткішке гүл шоқтарын қойып, ерлікпен қаза тапқан жерлестерімізді үнсіздікпен еске алды.

 

Сондай-ақ, тағылымды шарада аудан ардагерлері мен мекеме басшылары сөз сөйлеп, лебіздерін білдіріп, ауған жеріндегі сұрапыл соғыстан елге аман-есен келіп, бейбіт күннің батырлары атанған олардың қаһармандыққа толы қайсар ерліктері бүгінгі жас буынға үлгі – өнеге болып қала беретінін жеткізді.

Сонымен қатар, еске алу іс-шарасынан соң, жауынгерлік рухты дәріптеу мақсатында Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылуына және Ауған соғысының қаһарманы Жоныс Үкібаевты еске алуға арналған ересектер арасында аудандық шаңғы жарысы өтті.

                 

Бұл спорттық сайыс аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі мен Бадамша балалар жасөспірімдер спорт мектебінің бірлесуімен ұйымдастырылды.

Шараның мақсаты Ауған соғысы ардагерлерін еске ала отырып, қысқы спорт түрлерін, оның ішінде шаңғы  спортының деңгейін көтеру.

Спорттық шара Бадамша БЖСМ-нің спорт алаңында өтіп, оған 18-23, 24-39, 40-49, 50-59, 60 жасқа дейінгі аралықтағы спортшыларымыз өзара сынға түсті. Жарыс тартысты да қызықты өтіп, нәтижесінде жеңімпаздар анықталды. Нақтырақ айта кететін болсақ, әйелдер арасында
18-23 жас ерекшелігі бойынша жүлделі І орынды — Лаура Кайыржанова (Жосалы), ІІ орынды — Альбина Сагындыкова (Бадамша), 24-39 жас аралығында І орынды – Татьяна Бубекенова  (Бадамша), ІІ орынды — Райса Габитова (Бадамша), ІІІ орынды — Айбөбек Емберген (Бадамша), 40-49 жас аралығында І орынды — Ляззат Муканова (Бадамша), ІІ орынды — Анна Кузьмина (Бадамша), ІІІ орынды — Венера Уткельбаева (Бадамша) иеленді.

Ал ерлер арасында 24-39 жас ерекшелігі бойынша І орынды-Айдын Шибаевқа (Бадамша),
ІІ орынды-Валерий Пархоменкоға (Қосестек), ІІІ орынды-Ерлан Уразбаевқа (Қосестек) бұйырды. Сондай-ақ, 40-49 жас бойынша І орынды-Жұбаныш Курманбаев (Бадамша), 50-59 жас бойынша І орынды-Владимир Олейников (Қосестек), ІІ орынды — Адылжан Казмагамбетов (Бадамша), 60 жас бойынша І орын — Евгений Волков (Степной), ІІ орын-Анатолий Круц (Қосестек), ІІІ орын — Сакен Нетуллин (Велихов) иеленді.

Осылайша, спорттық еске алу шарасы соңында жеңімпаздар арнайы дипломдармен және де бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Бұл жарыс – ардагерлерге деген құрметтің, олардың ерлігін мәңгі есте сақтаудың айқын белгісі. Сонымен қатар, тағы бір айта кетерлігі бүгінде Ауған ардагерлері ауыл өміріне, оқушылар мен жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеуге белсенді үлес қосып, жыл сайын бұл күні өткізілетін іс-шараларға қатысып келеді. Тарих пен оқиғаның салмағы ауыр, еске алу қиын болғанымен келешек ұрпақ бұл күннің маңыздылығын біліп өсуі тиіс.

Жұлдыз КЕНЖЕ