«Чекті талап етіп жүлде ұтып ал» акциясы
Қарғалы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы 2024 жылғы 4 қыркүйектен 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті фискалдық деректер операторымен бірлесіп «Чекті талап ет – жүлдені ұтып ал» акциясын өткізіліп жатқанын хабарлайды.
Акция кезінде Қазақстанның әрбір тұрғыны кез келген затты сатып алу немесе ақылы қызметті қолдану кезінде смартфон және басқа да бағалы сыйлықтар ұтып алу мүмкіндігіне ие болады. Тек тауарлар, жұмыстар және қызметтер үшін төленген сомаға берілетін чектерді «Amian» мобильдік қосымшасында тіркесе болды. Акцияға тек деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-кассалық машиналардың чектерін (Онлайн БКМ) чектері қатысады.
Акцияны өткізудің мақсаты азаматтық белсенділікті арттыру, азаматтардың тауар, жұмыс және қызмет тұтынушысы ретіндегі өз мүдделерін қорғау бойынша құқықтық мәдениетін қалыптастыру, көлеңкелі экономиканың мөлшерін қысқарту болып табылады.
«Amian» қосымшасын App Store және Play market-тен тегін жүктеуге болады.
Акция шарттары бойынша чектің берілген күні мен уақыты ұтыс ойыны басталған күннен ерте болмауы тиіс. Бір қатысушы тіркейтін чектер саны шектелмеген.