ӘКІМ ЕСЕБІ: ТҰРҒЫНДАР ТІЛЕГІ ТЫҢДАЛДЫ

21 қараша күні аудан әкімі Нұрлыбек Унербаев жұмыс сапарымен  Шәмші Қалдаяқов және Петропавл ауылдарында болып, тұрғындармен жүздесті.

Кездесу барысында аудан басшысы жыл бойы атқарылған жұмыстар туралы есеп беріп, алдағы уақытқа жүзеге асырылатын жоспарларымен таныстырды. Атап айтар болсақ, ауылдық жерлерде инфрақұрылымды жаңғырту, әлеуметтік нысандарды салу және жергілікті кәсіпкерлікті дамытуға ерекше назар аудару  сынды бірқатар маңызды жобаларға тоқталып өтті. Сондай-ақ, білім беру және денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелер де назардан қалмады.

 

Есеп беру кездесуде тұрғындар аудан басшысының есебін тыңдап қана қоймай, өздерінің ұсыныс-пікірлерін де ортаға салды. Олар ауыз су сапасын жақсарту, жолдарды жөндеу және жастарды қолдау жайындағы ауқымды мәселелер бойынша ұсыныстарын білдірді. Тұрғындар тілегін тыңдаған аудан әкімі әрбір сұрақты бақылауға алатынын және шешу үшін тиісті органдармен жұмыс жасалынатынын мәлімдеді.

Кездесу соңында аудан басшысы ауыл тұрғындарын жеке сұрақтары бойынша қабылдау өткізді.

Одан соң кезекті кездесу Қос Естек ауылдық округінде жалғасын тапты.

Халықпен жүздесуде аудан басшысы Нұрлыбек Унербаев атқарылған жұмыстарға тоқталып, ауылдың дамуы үшін қолға алынатын жобаларға тоқталып өтті.  Есепті жиын кезінде, әсіресе, елді мекендердің инфрақұрылымын жақсарту, электр желілерінің сапасын арттыру және ауыл шаруашылығын қолдауға ерекше мән берілді.

                                             

Тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп, тиісті сала басшыларына тапсырмалар жүктелді. Кездесу соңында аудан басшысы кезекті рет тұрғындар үшін жеке қабылдау өткізіп, олардың өтініштерін тыңдап, шешілу жолын түсіндіріп берді.

Қарғалы-АҚПАРАТ

 

ТегтерІссапар