“Әлем-ортақ үйіміз” атты эко байқау өтті
Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО клубтарының Федерациясының қолдауымен, Ақтөбе облысындағы Аймақтық өкілдік ұйымдастыруымен өткізілген “Эко Fest” экологиялық айлығының аясында аудандық балалар өнер мектебі ұйымдастыруымен “Әлем-ортақ үйіміз” тақырыбында эко байқау өтті.
Байқау шарты бойынша оқушылар қалдық тастама заттардан қолөнер бұйымын жасау керек. Байқауға 100-ге жуық жұмыс қабылданып, оның ішінде орта білім беру мекемелері мен өнер мектебінің жұмыстары бөлек бағаланды. Жұмыстар сараланып, нәтижесінде үздік танылған 15 оқушы жеңімпаз атанды.
Осылайша, 31 қазан күні Ақтөбе қаласында Д.Қонаев атындағы мектеп гимназиясында облыс бойынша І орындарға ие болған жеңімпаздар мен эко айлыққа белсенділік танытқан оқушыларды марапаттау рәсімі өтті.
Біздің ауданнан байқаудың 1 орын иегерлері Инабат Есентаева, Арсен Мурзабай, Раушан Айкунова, Александра Бузулуцкая қатысты.
Шара барысында көрме ұйымдастырылып, біздің оқушыларымыздың жұмыстары көптің назарына түсіп, көпшілікті тәнті етті.
Жалпы эко айлықтың мақсаты жастардың, жалпы адамзатты айналамызға, туған жерімізге бей-жай қарамай, эко тәрбиені насихаттау. Аймақтың ЮНЕСКО хатшысы ауданымыздың жас буынына белсенділік танытқандары үшін ерекше алғысын білдірді.
Жұлдыз КЕНЖЕ