Ұлағатты ұстазымыз Сарбиназ Мырзағұлқызы  — 60 жаста

Еңбек өтілі 40 жылға тақап қалған ұлағатты ұстазымыз музыка пәні мұғалімі Жубанова Сарбиназ Мырзағұлқызы  Петропавл орта мектебі ұжымы арасында өзінің өнегелі еңбегімен жастарымызға үлгі боларлықтай жұмыстанып келе жатыр.

Өзінің педагогикалық жұмысын 1986 жылы осы Петропавл орта мектебінде аға тәлімгер қызметінен бастап, кейін оркестр жетекшісі, музыка пәні мұғалімі, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарып, өнегелі ұрпақ тәрбиесіне зор үлесін қосып келе жатырған ұстаздарымыздың бірі.

Сарбиназ Мырзағұлқызы байыптылығымен, кәсіби шеберлігі және жоғары біліктілігімен әлдеқашан танылған тұлға, қамқор да талапшыл, ұлағатты ұстаз. Осындай еңбек пен тұрмыс тәрбиесі, жеке басыңыздың кіршіксіздігі өзіңіз, отбасыңыз үшін ғана емес, өзіңізбен қанаттас жүрген әріптестеріңіз, тілектес дос-жаран үшін де зор мақтаныш, абырой, жас ұрпақ үшін нағыз өмір мектебі екендігі анық.

Адам өмірінің асыл шағы, асқар белі — 60 жасқа өміріңіз қуатты, көңіліңіз шуақты қалпыңызда жеттіңіз!

Осы қарқыныңыздан қалмаңыз, шабысыңыздан танбаңыз. Олай болса, алпыстың асуында білімнің биігіне, өнердің асқарына талмай, өрлей беріңіз.

Қадірлі Сарбиназ Мырзағұлқызы! Сізге осындай мерейлі күні шын көңілден зор денсаулық, қажымас қайрат, отбасыңызға амандық және бақ-береке тілейміз.

Петропавл орта мектебінің ұжымы