ШЫҢДАЛҒАН ТӘЖІРИБЕ – МҰҒАЛІМ ЕҢБЕГІ

Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер шырақ секілді. Сондай-ақ,  ұстаз шәкіртін өмірге баулып қана қоймай, оған жөн сілтеп, нақты бағыт-бағдар беруші екені белгілі. Осы орайда біздің бүгінгі кейіпкеріміздің де шәкірт тәрбиелеудегі жетістігі көп, үлгі етерлік істері жетерлік.

Берген Владимир- саналы ғұмырын бала тәрбиесі мен оқытуға арнаған білікті ұстаз. Ол өз мамандығына берілген кәсіби маман және де мәдениеті жоғары тұлға.

Ұстаздық қызмет барысында әр балаға жеке көзқараспен қарауға көп көңіл бөледі. Білім саласындағы қызметінде өзін белсенді, үлгілі және еңбекқор ұстаз ретінде көрсете білді. Ол — еңбек жолында бірталай жетістіктерге жетіп, шәкірттері мектепшілік, аудандық, облыстық және республикалық байқауларда топ жарып, жүлделі орындарға қол жеткізіп жүр.

Айта кететін болсақ, жалпы білім беретін мектептер арасындағы 7-8 сынып оқушыларына арналған облыстық жасөспірімдер олимпиадасында информатика пәнінен жоғары білім көрсеткені үшін оқушысы Георгий Пахомов 3 дәрежелі дипломмен марапатталса, Данил Довбыш жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде 3 орын иегері атанды. Сонымен қатар, 2023 жылы оқушысы Виталий Мирошниченко жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде   3 орынды, ал 2024 жылы Георгий Пахомов облыстық Ауыл олимпиадасында  жүлделі 3 орынды жеңіп алды.

Шынында да, мұғалімнің басты жетістігі – шәкірттерінің жеңісі. Өйткені, ұстаздың берген білімінен шәкірті нәтиже шығарса, онда ұстаз еңбегінің ақталғаны емес пе? Ендеше, білікті де тәжірибелі ұстаздар еңбегін ақтайтын білімді шәкірттеріміз көбейе берсін.

Жұлдыз КЕНЖЕ