АЭС салу — аймақтық инфрақұрылымның дамуына да себеп болады

Төлеуов Аманғос Сансызбайұлы,

 » Степное» ЖШС бас директоры

АЭС құрылысына келсек, сөз таластардың көп екені анық. Халыққа деген алып келер зияны көп пе?- деген сұрақтар болып жатады. Дегенмен, экономикамызға пайдасы зор болса, ескі АЭС-ке қарағанда озық технология мен жабдықталған реакторды қолданысқа енгізсек, шетелден сатып алынған қуат көзін өзімізден шығарсақ, басқа елдерге тәуелді болмайтынымыз анық деп санаймын.
Таза қуат көзінің табиғатымызға қосар үлесі көп. Қазіргі заманда көмір жағып, одан энергия алу қоршаған ортаға, табиғатқа, жалпы жер әлемге қауіп төндіріп тұр. Электр қуатының тарифтерінің өсуі әрине зейнеткерлердің қалтасына ауыр келіп тұрғанын да білесіздер. Өзіміздегі уранды пайдаланып, арзан және таза қуат көзіне көшу керек. Экологиямызды  сақтауымыздың бірден-бір жолының шешімі деп санаймын. Жобаны жүзеге асыру жаңа жұмыс орындарының ашылуына әкеледі.  Аймақтық инфрақұрылымның дамуына да себеп болар еді.  Халықтың пікірі де осыған қарай өзгереді деп сенмін.  АЭС-ның құрылысына баршамыз қолдау көрсетейік.