Депутаттық фракцияның отырысы өтті

2024 жылдың 5 қыркүйек күні аудандық мәслихатындағы «АМАNАТ» партиясы депутаттық фракциясының кезекті отырысы өтті.

Жиынға фракция депутаттарымен қатар  мекеме басшылары және де  фракция мүшелері қатысты. Отырысқа «AMANAT» партиясы Қарғалы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Надежда Заглядова төрағалық етті.

Отырыстың күн тәртібінде негізгі 2 мәселе қаралды. Ең алдымен  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауына қатысты аудандық мәслихат депутаты Татьяна Глуханькова баяндама жасады. Жолдауда айтылған заң мен тәртіп, экономикалық өсім, АЭС салу, т.б.  мәселелер жан-жақты қаралып, тереңірек талқыланды.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Шахнияз Сақабаев «Қарғалы ауданы бойынша «AMANAT» партиясының халықпен бірге сайлауалды бағдарламаларының мониторингі» жайында баяндады. Жалпы бағдарламаның мерзімі – 5 жыл. Ол негізгі 4 бағытты қамтиды. Ондағы пункттер саны – 60. Биылғы жылға 55 пункті орындау жоспарланған. Аудан бойынша ағымдағы жылдың 4 айында 60 іс-шараның — 20 (33,3 %) орындалған. Бөлім басшысы  іс-шараларға жеке-жеке тоқталып өтті. Айтуынша барлық пункттер жоспарлы түрде орындалып келеді.

Жиын барысында фракция мүшелері баяндамашыларға сауалдарын жолдап, ұсыныс-пікірлерін айтты. Фракция отырысының қорытындысы бойынша қаулы қабылданды.

Алина МҰХАМЕДИЯРҚЫЗЫ