Халықтық штаб мүшелері өз жұмысын бастады

Ауданымызда Атом электр станциясы құрылысын қолдау жөніндегі Халықтық штаб құрылып, 6 қазанда өтетін референдумға қатысты ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Штаб мүшелері «Энергосистема» ЖШС, “Қазпошта” АҚ ұжымдарымен кездесу өткізді.

                                       

Атом электр станциясының қажеттілігі бұған дейін де көтерілген болатын. Сұрақ жоғары жақта талқыланып, ғалымдар мен сарапшылар зерттеулер жүргізді. Кейін АЭС құрылысы бойынша референдум өткізу қажет деген шешім шығарылды. Осы орайда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кезекті Жолдауында жалпы халықтық референдум күнін бекітті. Ол 6 қазанда өткізілмек.

Осы орайда баршаңызға мәлім 4 қыркүйекте Мәжіліс Спикері, «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штабтың алғашқы отырысын өткізді.  Оның құрамына 6 саяси партияның, сондай-ақ шамамен 20 республикалық қоғамдық бірлестіктің 250-ге жуық өкілі енгізілді.

-АЭС салу – маңызды мәселе. Бұл – біздің энергетикалық тәуелсіздігіміз бен қауіпсіздігіміздің кепілі.  Сондықтанда, бүгінгі Халықтық штабтың мақсаты мен міндеті – саяси және қоғамдық күштерді біріктіріп, АЭС құрылысына қолдау көрсету үшін түсіндіру жұмыстарын жүргізу және қоғамды жұмылдыру, халыққа жобаның маңыздылығын түсіндіріп, атом энергетикасына қатысты жұртшылық арасында қалыптасқан негізсіз үрейлерді сейілту. Бүгінгі басқосудың да маңызы осында. Осы орайда АЭС салуды қолдау жөніндегі Қарғалы аудандық Халықтық штабы өз жұмысын бастады. Штаб құрамы 20 адамнан құралған, оның құрамына 3 саяси партияның және қоғамдық бірлестіктің өкілдері бар. АЭС салу еліміздегі болaшақтa орын алуы мүмкін энергия тaпшылығының aлдын aлуды көздейді,-дейді  штаб төрағасы – Надежда Заглядова .

Штаб  мүшелері аудандық желілік кестесіне сәйкес сайлаушылармен белсенді жұмыс жүргізіп, еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізіп, аудандық – селолық округтерге барып, референдум мен АЭС құрылысының маңыздылығын түсіндіру жұмыстарын жоспарлап отыр.

Жұлдыз КЕНЖЕ