АЭС – энергия өндірудің сенімді көзі – сарапшы
Атом электр станциясын салу – мемлекеттің өркендеуіне, ғылыми-техникалық, энергетикалық дамуы үшін қажет.
Іс-шараға атом саласының жетекші мамандары, ғалымдар мен сарапшылар арнайы қатысты. Дөңгелек үстелде АЭС-тің қауіпсіздігі, ядролық қалдықтарды басқару, бейбіт атом энергиясын пайдаланудың экономикалық орындылығы, сондай-ақ кадр даярлау мәселелері қозғалды.
Осы ретте физика-математика ғылымдарының докторы Медеу Әбішев АЭС- жоғары технологиялық қондырғы, оны салу көп салаға серпін береді және мемлекеттің өркендеуіне, ғылыми-техникалық, энергетикалық дамуы үшін қажет дейді.
«Бізде Ядролық физика институты бар. Одан кейін біздің жетекші университеттер бәрі ядролық физика саласында ғылыми зерттеулер жүргізеді. Дүниежүзінің ядролық физика орталықтарымен қарым-қатынас орнатып, тәжірибе алмасуға және жас мамандарды сол жаққа тағылымдамадан өтуге жібереміз».
turkystan.kz