Сыбайлас жемқорлық туралы білдің бе?
Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік – экономикалық даму, нарықтық экономиканы құру инвестициялар тарту процесін баяулататын және демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсер ететін, елдің даму болашағына айтарлықтай қауіп төндіретін құбылыс.
Кез-келген өркениетті қоғам үшін, сыбайлас жемқорлықпен күрес ең
өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы мен жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер әкелетіндігі күмәнсіз.
Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі болып, осы зұлымдықпен күресу болып табылады.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Әсіресе, халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сыбайлас жемқорлықпен күресті жеке қарау мүмкін емес. Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет. Осыған байланысты, жемқорлықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында, көптеген
іс-шаралар өткізілуде. Мысалы, мемлекеттік органдарында мамандары
мен қызметшілері арасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүйелі талдау жүргізу бойынша, түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Білім беру мекемелерінде дөңгелек үстел ұйымдастырылып, тәрбие сағаттарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың алдын алу бойынша қажетті шараларын түсіндіру және оқыту мәселесі орын алуда.
Желтау ауылдық округі, Петропавл ауылының тұрғындары арасында
аталған мәселелер бойынша, маңызды ақпаратты жеткізу және түсіндіру
мақсатта баннерлер орнатылып, брошюралар таратылады.
Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық
күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін, оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана, бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады. Сондықтан, сыбайлас жемқорлықпен
күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек.
Азамат РЗАГУЛОВ,
Желтау ауылдық округінің әкімі