Құрметті мемлекеттік қызметшілер!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет жүйесі, ұзақ қалыптасу жолынан өтті. Бүгінгі таңда тәуелсіз мемлекеттің құрылуы мен нығаюына қосылған елеулі үлестермен және оның тарихымен толыққанды мақтануға құқығымыз бар. Еліміз ең үлкен мемлекеттермен терезе теңестіріп, әлемнің 30 дамыған елінің қатарына ену үшін мемлекеттікті танытатын бірден-бір мықты құрал-мемлекеттік қызмет. Бұл салада әлемдік талаптарға жауап беретін мамандардың шоғырлануы мемлекетімізді өрге сүйрейтіні анық.

Дамыған мемлекет тек тиімді және кәсіби мемлекеттік қызмет  негізінде құрылады әрі жұмысы жемісті болады. Мемлекеттік қызметші оның атауы айтып тұрғандай рухани  жаңғыруды мақсат тұтқан, бейбітшілікті бағына байлайтын мемлекетке, оның халқына мүлтіксіз қызмет жасау. Сіздердің әрбіріңіз саналы түрде Отанға қызмет ету, қоғамға халыққа және әр азаматтың құқықтарын қорғау мен өмір сүруін жақсартуға барлық мүмкіндікті жасайтындарыңа сенімдімін!

Халыққа қызмет көрсетіп, мұң-мұқтажын тыңдап, мәселелерімен айналысып, шешімін тауып, алғысын алудан қымбат нәрсе жоқтығын мемлекеттік қызметші жақсы түсінеді деп білемін.

Өйткені, мемлекет мүддесіне қызмет атқару абыройлы әрі жүгі ауыр, жауапкершілігі мол жұмыс.

Баршаңызға тағы да мерекелеріңізбен құттықтай отырып, шаңырақтарыңызға шаттық, жұмыстарыңызға табыс тілеймін!

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметіне қосар үлестеріңіз бен үлгілеріңіз мінсіз болсын! Еліміз аман, елдігіміз мәңгі болсын!

Құрметпен,

аудан әкімі  А.Жүсібалиев