Қазақстан полициясы күніне орай аудан әкімінің құттықтауы
Құрметті Полиция қызметкерлері мен сала ардагерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Қазақстан Полициясы күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл күн қазақстандық полицияны құрған ардагерлер мен оның қатарында еңбек ететін қызметкерлердің еңбектерін бағалап, алғысқа бөлеп, ел тыныштығы мен қауіпсіздігі жолында құрбан болған тәртіп сақшыларын еске алатын күн десек артық айтқандық емес. Биыл құрылғанына 32 жыл толып отырған ішкі істер органдары еліміздің ең ірі, көп құрлымды қазақстандықтардың құқығын қорғап, қылмыспен күресетін, тәртіпті қамтамасыз ететін ұйым. Жергілікті атқарушы органдар тарапынан саланың материалдық – техникалық базасын нығайтуға тұрақты қолдау көрсетіліп келеді. Барлық ауылдық округтер учаскілік полиция қызметкерлерімен қамтылған. Сонымен қатар, учаскелік полиция қызметкерлері қызметтік бөлмелермен және автокөлікпен қамтамасыз етілген.
Сала ардагерлеріне қауіпке бас тіккен қаһармандарға әрдайым елдің алғысы зор. Ауданымыздағы полиция қызметкерлері де аудан тұрғындарының тыныштығы мен қауіпсіздігіне қызмет жасап, аянбай еңбек етіп келеді әрі осы бағытта бұл жұмыс жүйелі түрде жалғасады деген сенімдемін. Төл мерекелеріңізбен құттықтай отырып, ел қауіпсіздігі мен құқықтық тәртіпті қалыптастыру, оны сақтау жолындағы жанкешті еңбектеріңізге табыс тілеймін! Отбасыларыңыз аман болып, шаңырақтарыңыз берекеге толсын!
Құрметпен,
аудан әкімі А.Жүсібалиев