Сессияда өзекті мәселелер қаралды

Ағымдағы жылдың 5 маусым күні аудандық мәслихаттың жанындағы тұрақты комиссия мен мәслихаттың кезекті XVIII сессия отырысы өтті.

Отырысқа аудан әкімі Асқар Жүсібалиев, аудан әкімінің орынбасары Ержан Есімбаев, аудандық мәслихат төрағасы Сапарбек Аманжолов, депутаттар мен комиссия мүшелері және де ауылдық округ әкімдері, қоғамдық ұйым өкілдері, бөлім басшылары қатысты.

Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясы мен жұмыс тобының күн тәртібінде «Ауданның 2024-2026 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы»  шешіміне өзгерістер енгізу туралы — аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлім басшысы Шахнияз Сақабаевтың баяндамасы тыңдалды. Одан соң ауданымызға қарасты елді мекендердегі қаңғыбас, қараусыз қалған иттер мен мысықтар санының көбеюіне байланысты қауіпті жағдайлардың туындауының алдын алу бойынша – аудандық ветеринариялық станциясының директоры Жумабай Кубаевтың, мансап орталығының 2023 жылғы атқарылған жұмысы мен 2024 жылға бекітілген жұмыс жоспарлары жайында аудандық мансап  орталығының директоры Саясат Спанның хабарламалары тыңдалды.

Сонымен қатар, мәслихаттың кезекті сессиясында аудан әкімдігінің және ауылдық округ әкімдерінің 2023 жылғы бюджеттің атқарылуы жөніндегі есептері мен аудандық бюджеттегі өзгерістер бекітілді.

Отырыс соңында аудандық мәслихат депутаттары барлық мәселелерді талқылап, өз ескертулерін, ұсыныстарын енгізіп, талқылау қорытындысы бойынша тиісті қаулылар мен шешімдер қабылдады.

Қарғалы-АҚПАРАТ

ТегтерОтырыс