Тұрғындар назарына!

Тұрғындар назарына!

Қарғалы ауданының төтенше жағдайлар бөлімі автокөліктегі өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады!

-автокөліктерінізді дер кезінде техникалық байқаудан өткізгеніңіз дұрыс;
-әсіресе электрсымдарға баса назар аударыңыз;
-өзіңізбен бірге әрқашанда өрт сөндіргіш құрал болсын, оны қолжетімді жерде ұстаңыз;
Практика көрсеткіші бойынша өрт сөндіру кезінде автокөлігіңізге көмір қышқылды өрт сөндіргіш пайдаланған тиімді.

Егер сіздің автокөлігінізде өрт пайда болған жағдайда:
-cол уақытта дереу көлікті тоқтатып, өрт сөндіргіш құралын алып, өт көзіне жақындатып шашыңыз;

-Практика жүзінде 90% «тілсіз жау» электро тізбектердің бұзылуынан болады.
-Егер өрт сөндіргіш құралыңыз тиімді болмаса, әрі қарай құм мен топырақты пайдаланыңыз.

-Жанып жатқан кезде мүмкіндігінше есік пен терезені ашық қалдырмаңыз. Көліктің есігін мықтап жаппасаңыз, өрт шарықтап кетуі мүмкін.
-Жанармай төгілген жағдайда, лапылдап жанып кетпес үшін оны су мен көбік немесе топырақ сеуіп тастау керек.
-Егер көлігіңізден өрт шықса, аккумулятордың клемасын ажыратып тастаңыз.
Өрт шыққан жағдайда дереу 101, 112 нөміріне қоңырау шалыңыз.

 

Қарғалы ауданының төтенше жағдайлар бөлімі