Аналар мейірімі
6 наурыз күні Қарғалы аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен 8 — Наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне арналған «Ана — өмірдің шырағы» атты әжелермен, көпбалалы аналармен кездесу кеші өтті.
Оқырмандарға көктем мерекесі туралы 8 — наурыз мерекесі туралы түсінік беріліп, отбасындағы ананың, әжені құрметтеу, анаға деген құрметті ұғындыру, еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, адамгершілікке, қамқорлыққа, достыққа, ұйымшылдыққа баулу және әдемілікті сезіне білуге тәрбиелеу максатында ұйымдастырылды.
Шараға әжелермен көпбалалы аналар кітапханаға құрметті қонак ретінде шақырылды. Аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Гулнар Уразбаева өз тiлегiн, лебiзiн оқырмандарға арнады.
Кітапхана оқырмандары ана, әже туралы әндерін, тақпақтарын айтып шара көңілді өтті. «Әжемді сәндеймін», «Әдеби лото», «Шебер қолдар» ойындары ойнатылды.
Қарғалы –ақпарат.