Ана-барлық өмірдің бастауы

Ана-қастерлі сөз. Ана есімі қашанда қастерлі. Бүгінгі таңда жаста болса көп баланы дүниеге әкелген алтын құрсақты аналар көбейіп келеді.

Әйел-тіршіліктің бастау бұлағы, әлемнің ажырамас бөлігі, сұлулықтың асыл тәжі. Ұрпақ өсірумен қатар, ел еңсесінің  көтеріле түсуіне өз үлесін қосқып келе жатқан қазақ әйелдері қандай да болмасын құрметке лайық. Туған өлкеміздің өсіп-өркендеуі жолындағы еткен еңбектеріңіз бен қосқан үлестіріңіз үшін зор алғысымызды білдіреміз. Алтын мен күміс алқа таққан жас аналардың қуанышында шек болмады.

Қосестек ауылдық тұрғыны Айнур Кусаинова жеті баланың анасы, «Күміс алқа» иегері. Өз ортасында абыройлы, беделді, берекелі, ынтымағы жарасқан өнегелі отбасы. Әрбір ананың жүрегінде қуаныш сезімі орнап, жанарлары нұрға бөленеді.

Мемлекет басшысы ақ ниетін білдіріп, бейбіт заманда дені сау ұрпақ өрбітіп, жайлы ғұмыр кешуіміз көп балалы аналарымыздың арқасында. Елбасының көп балалы аналарға көрсетілген құрметі, айтылған ізгі тілектері аналарымызды қанағаттандыра түсті. Әйелдің аялы алақаны бүкіл бір әлемді мейірімге бөлей алады.

«Ана бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді»,- деп бекер айтпаған. Елге елеулі, жанашыр азаматтарды дүниеге әкеліп, тәрбиелеп өсіруде аналардың орны бөлек.

Р.БАЙМЕНОВА,

Қосестек ауылдық клубының  меңгерушісі