ҮЗДІК ӨНЕР КӨРСЕТТІ

Облысымызда 2-3 мамыр күндері Ақтөбе қаласының 155 жылдығына орай өткізілген “Өнер — достық кемесі” атты аймақтық балалар шығармашылығы фестивалінде жерлесіміз Антонина Струцкая үздік өнер көрсетіп лауреат атанды.

Расында, талантты, өнерге бейім балалар қашанда ел назарында. Оларға қажетті қолдау көрсету — ортақ іс.  Осы орайда өткен аптада Ақтөбе қалалық мәдениет үйінде «Өнер — достық кемесі» атты балалалар шығармашылығына арналған аймақтық фестиваль өткен еді. Аталмыш фестивалға еліміздің батыс өңірлерінен 200-ге жуық жас талант қатысып, өзара бақ сынады.

Бұл іс-шара Ақтөбе қаласы әкімдігі мен Ақтөбе қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, қалалық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен Ақтөбе қаласының 155 жылдығына арналды.

Өнер додасына аудандық мәдениет үйіне қарасты Петропавл ауылдық клубы вокал үйірмесінің қатысушысы Антонина Андреевна қатысып, үздік өнер көрсеткені үшін лауреат атанып, арнайы дипломмен марапатталады. Жеңімпазды өнер сахнасына дайындаған жетекшісі Магаджан Бекназаровта алғыс хатқа ие болды.

Жұлдыз КЕНЖЕ