Өздеріңіз білетіндей, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттырудың маңыздылығына тоқталып, «АMANAT» партиясына үкіметпен бірлесіп «Қарызсыз қоғам» жобасын кеңейтуді тапсырған болатын.
«Қарызсыз қоғам» жобасының мақсаты – азаматтарға қаржылық және құқықтық білікті көмек көрсету, халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру, азаматтардың банктік несиелер мен шағын несиелер бойынша проблемалық қарыздарын шешуге көмектесу.
Оқыту бағдарламасы қаржылық сауаттылық негіздерін, отбасылық бюджеттің аудитін, жеке қаржыны басқаруды, қаржылық жоспарлауды, құқықтық қолдауды, бизнес-жоспарларды жазуға көмек көрсетуді, ШОБ-ты мемлекеттік қолдау туралы ақпаратты қамтиды.
Оқудан және қаржылық сарапшылардың жеке кеңестерінен басқа, қатысушыларға оқу процесінде заңгерлердің көмегіне кепілдік беріледі. Олар әрбір қарыз алушының несие тарихын жеке зерттеп, қарыз ауыртпалығын жеңілдету бойынша практикалық кеңестер береді.
5 күндік «Қарызсыз қоғам» курсында оқу үшін «АMANAT» партиясының жергілікті филиалына немесе әкімдікке хабарласып, жазылу керек.
Сондай-ақ жобаның ресми сайты аркылы – https://qogamfin.kz/form
Ақтөбе қаласы — 8 708 494 2775 ; 8 702 293 3446
Әйтеке би ауданы — 8 777 928 3266
Алға ауданы — 8 705 919 0014
Байғанин ауданы — 8 778 881 6981
Карғалы ауданы — 8 771 181 8758
Қобда ауданы — 8 702 676 0303
Мәртөк ауданы — 8 777 434 6085
Ырғыз ауданы — 8 771 785 9944
Муғалжар ауданы — 8 705 538 2203
Ойыл ауданы — 8 705 820 7732
Темір ауданы — 8 771 785 0704
Хромтау ауданы — 8 777 133 9086
Шалқар ауданы — 8 771 023 1993