Ауыз судың сынамасы тексерілді

  Елімізде жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында көктемгі су тасқынынан зардап шеккен аймақтарда ауыз судың сынамасы алынды.

         Осы орайда Қарғалы аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы мамандарымен су басу қауіпі бар аймақтардан, атап айтар болсақ Желтау ауылдық округіне қарасты Петропавл ауылынан бактериологиялық және санитариялық химиялық көрсеткіштерге су сынамалары алынып, тексерілді.

Зертхана мамандарының берген қорытындыларының нәтижесі бойынша ауыз су сапасы қалыпты.

Сонымен қатар, су арқылы таралатын жұқпалы инфекциялық және паразиттік аурулардың алдын — алу мақсатында АҚ ҰСО-ның аудандық бөлімшесінің мамандарымен залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу басталды.

Ұлттық сараптама орталығының аудандық бөлімшесінің мамандары қазіргі таңда Петропавл және Ш.Қалдаяқов ауылдарының су көздеріне залалсыздандыру жұмыстарын жүргізуді. Сондай-ақ, бұл жұмыстар алдағы күндері өзге де елді мекендерде жүргізу жоспарланып отырғандығын хабарлайды.

Айнагуль БЕРЖАНОВА,

аудандық санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау басқарма басшысы