Облыстық қоғамдық штаб мүшелері Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті жатақханасында орналасқан уақытша пунктке барды
Мұнда қазір 68 адам (15 отбасы) тұрып жатыр.
Штаб төрағасы Гүлқасима Сүйінтаева тұрғындардың жағдайын біліп, оларды
қандай мәселелер толғандыратынын сұрады. Су тасқынынан зардап шеккен отбасылар бірреттік төлемақы алған, оларға гуманитарлық көмек те көрсетілген.
Бұл пунктке бекітілген облыстық мәслихат депутаты Естай Сисенбаев пен қалалық мәслихат депутаты Рахымжан Низамутдинов тұрғындармен үнемі байланыста.
💬 Естай Сисенбаевтың айтуынша, тұрғындарды қазір мазалап отырған мәселе — несиенің үш айға шегерілуі. Кейбір екінші деңгейлі банктер несие уақытын ұзартуда нақты қолдау көрсетпей отыр екен. Штаб өкілдері су тасқынынан зардап шеккендердің көтерген мәселелері қараусыз қалмайтынын жеткізді.
aqtobegazeti.kz