Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
- 2011 жылғы 26 желтоқсандағы «Неке (ерлі-зайыптылық) жəне отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне: 1 ) 1 — бап мынадай мазмұндағы 24 — 1) жəне 29-1) тармақшалармен толықтырылсын:
- «24-1) мемлекеттік отбасы саясаты саласындағы уəкілетті орган – мемлекеттік отбасы саясатын қалыптастыру бойынша басшылықты жəне сала аралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;»;
«29-1) отбасы, əйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау мəселелері жөніндегі «111» байланыс орталығы (бұдан əрі – «111» байланыс орталығы) – ақпараттандыру саласындағы уəкілетті орган айқындаған, отбасы, əйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау мəселелері бойынша ақпараттық-анықтамалық, ұйымдастырушылық, психологиялық қызмет функцияларын орындайтын заңды тұлға;»;
2) 2-баптың 2-тармағы 8) тармақшасындағы «қолдау қағидаттарына негізделеді.» деген сөздер «қолдау;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) жəне 10) тармақшалармен толықтырылсын:
«9) неке жəне отбасы, əке болу, ана мен бала институтын нығайтуға негізделген дəстүрлі отбасылық құндылық тарды қорғау, сақтау, нығайту жəне ілгерілету;
10) балаларды Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін бөлігінде жалпы адамзаттық, ұлттық, дəстүрлі, мəдени жəне отбасылық құндылықтарды құрметтеу рухында адамгершілік жəне рухани жағынан тəрбиелеуді қамтамасыз ету қағидаттарына негізделеді.»;
3) 1-тарау мынадай мазмұндағы 5-1-баппен толықтырылсын:
«5-1-бап. Отбасын қолдау орталықтары
- Отбасын қолдау орталықтары халықты əлеуметтік қорғау жəне жұмыспен қамту мəселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың жанынан аудандарда жəне қалалардағы аудандарда жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша құрылады жəне (немесе) ұйымдастырылады.
- Отбасын қолдау орталықтары мыналарды жүзеге асырады:
1) мемлекеттік отбасы саясатының шараларын, оның ішінде некені жəне отбасын сақтау, отбасылық жанжалдарды шешу жөніндегі шараларды іске асыру;
2) өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардың қолдаумен, оның ішінде интеграцияланған модель арқылы қолдаумен қамтуы жөніндегі жұмысты үйлестіру;
3) өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарға (отбасы ларға) əлеуметтік, заңдық жəне психологиялық қолдау көрсетуге жəрдемдесу;
4) тұрмыстық зорлық-зомбылық белгілері бар адамдарға бір айға дейінгі мерзімге уақытша тұру мүмкіндігін беру арқылы қолдау көрсету;
5) мемлекеттік отбасы саясатының бағыттары мен шаралары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысы;
6) мемлекеттік отбасы саясатын іске асыру, тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы мəселелері бойынша жергілікті атқарушы органдармен, ұйымдармен, волонтерлермен, консультативтік-кеңесші органдармен өзара іс-қимыл жасау;
7) мемлекеттік отбасы саясатының үрдістерін мониторингтеу жəне талдау;
8) халықты əлеуметтік қорғау жəне жұмыспен қамту мəселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органның үйлестіруімен, өз құзыреті шегінде білім беру, денсаулық сақтау, ішкі істер органдары қатысқан кезде өмірде қиын жағдайға ұшыраған адамдарды (отбасыларды) ерте анықтау жəне оларға қолдау көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі мобильдік топтардың жұмысын ұйымдастыру;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы бойынша өзге де шараларды іске асыру.
- Отбасын қолдау орталықтары өз қызметін мемлекеттік отбасы саясаты саласындағы уəкілетті орган айқындайтын тəртіппен жүзеге асырады. 4. Отбасын қолдау орталықтарының қызметін үйлестіруді жəне оған əдістемелік басшылықты мемлекеттік отбасы саясаты саласындағы уəкілетті орган жүзеге асырады.
- Отбасын қолдау орталықтары бюджет қаражаты жəне Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қаржыландырылады.»;
4) 10-тарау мынадай мазмұндағы 67-1-баппен толықтырылсын:
«67-1-бап. «111» байланыс орталығы
- «111» байланыс орталығы отбасы, əйелдер мен бала лардың құқықтарын қорғау мəселелері бойынша ақпа рат тық-анықтамалық консультация береді, ұйымдастырушылық, психологиялық көмек көрсетеді, орталық мемлекеттік органдарды, жергілікті атқарушы органдарды келіп түскен жолданымдар бойынша хабардар етеді жəне азаматтарға жолданымдардың орындалу мəртебесі туралы ақпарат береді.
- Ақпараттандыру саласындағы уəкілетті орган:
1) «111» байланыс орталығының қызметін ұйымдастырады жəне қамтамасыз етеді;
2) «111» байланыс орталығы қызметінің жəне оның орталық мемлекеттік органдармен, жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасау қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді.
- Орталық мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар отбасы, əйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау мəселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды жəне «111» байланыс орталығына жолданымдарды қараудың қорытындылары бойынша қабылданған шаралар туралы ақпарат береді.»;
5) 70-баптың 2-тармағының үшінші бөлігі «қамтамасыз ету» деген сөздерден кейін «заңға мойынсынушылық мінез-құлықты қалыптастыру» деген сөздермен толықтырылсын.
- 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне:
1) 3-бапта: мынадай мазмұндағы 18-1) тармақпен толықтырылсын: «18-1) кəмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылыққа байланысты қылмыстар – осы Кодекстің 99-бабы екінші бөлігінің 14) тармағында, үшінші бөлігінде, 105-бабының үшінші бөлігінде, 106-бабы екінші бөлігінің 11) тармағында жəне үшінші бөлігінде (қылмыс кəмелетке толмаған адамға қатысты жасалған жағдайда), 107-бабы екінші бөлігінің 8) тармағында, 108-1-бабы екінші бөлігінің 8) тармағында, 110-бабы екінші бөлігінің 1) тармағында (қылмыс кəмелетке толмаған адамға қатысты жасалған жағдайда), 116-бабы екінші бөлігінің 2) тармағында жəне үшінші бөлігінде (қылмыс кəмелетке толмаған адамға қатысты жасалған жағдайда), 119-бабының екінші, үшінші жəне төртінші бөліктерінде (қылмыстар кəмелетке толмаған адамға қатысты жасалған жағдайда), 125-бабы екінші бөлігінің 5) тармағында жəне үшінші бөлігінде (қылмыс кəмелетке толмаған адамға қатысты жасалған жағдайда), 126-бабы екінші бөлігінің 5) тармағында жəне үшінші бөлігінде (қылмыс кəмелетке толмаған адамға қатысты жасалған жағдайда), 127-бабы екінші бөлігінің 3) тармағында, 133-бабының үшінші бөлігінде (қылмыс күш қолдана отырып жасалған жағдайда), 135 жəне 146-баптарында (қылмыс кəмелетке толмаған адамға қатысты жасалған жағдайда) көзделген іс-əрекеттер;»;
42) тармақтағы «124 (жас балаларды азғындық жолға түсіру)» деген сөздер «124 (он алты жасқа толмаған адамдарды азғындық жолға түсіру)» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 45-баптың бірінші жəне үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қамаққа алу сотталған адамды тағайындалған не ауыс тырылған жазаның бүкіл мерзімінде қоғамнан оқшаулауды білдіреді.»;
«3. Қамаққа алу кəмелетке толмағандарға, жүкті əйелдерге, жас баласы бар немесе оны тəрбиелеп отырған əйел дерге, жас баланы жалғыз өзі тəрбиелеп отырған еркек терге, елу сегіз жастағы жəне ол жастан асқан əйелдерге, алпыс үш жастағы жəне ол жастан асқан еркектерге, бiрiншi немесе екiншi топтағы мүгедектігі бар адамдарға тағайындалмайды жəне жазаны ауыстыру ретінде қолданылмайды.»;
3) 55-баптың сегізінші бөлігі мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын: «Осы баптың екінші жəне үшінші бөліктерінің ережелері, кəмелетке толмағандарға қатысты зорлықзомбылыққа байланысты қылмысты кəмелетке толмаған адам жасаған жағдайды қоспағанда, мұндай қылмыстарды жасаған адамдарға қолданылмайды.»;
4) 68-баптың төртінші бөлігінде: мынадай мазмұндағы 2-1) тармақпен толықтырылсын:
«2-1) кəмелетке толмағандарға қатысты зорлықзомбы лыққа байланысты қылмысты кəмелетке толмаған адам жасаған жағдайды қоспағанда, мұндай қылмыстар;»;
7) тармақтағы «жасаған адамдарға қолданылмайды» деген сөздер алып тасталсын;
8) тармақтағы «қасақана қылмыс жасаған адамдарға қолданылмайды.» деген сөздер «қасақана қылмыс;» деген сөз дермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы
9) тармақпен толықтырылсын:
«9) бұрын жасаған қылмыстық құқық бұзушылығы үшін тараптардың татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылғаннан кейін осы Кодекстің 71-бабының бірінші бөлігінде белгіленген қылмыстық жауаптылыққа тартудың ескіру мерзімі ішінде осы Кодекстің 108-1 жəне 109-1-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамдарға қолданылмайды.»;
5) 83-баптың бірінші бөлігінің екінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын: «Кəмелетке толмаған адам қылмыстық жауаптылықтан босатылған кезде оған тəрбиелік əсері бар мəжбүрлеу шара лары қолданылады.»;
6) 7-бөлім мынадай мазмұндағы 98-3-баппен толықтырылсын: «98-3-бап. Қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамның жүріс-тұрысына ерекше талаптар белгілеу
- Қылмыстық құқық бұзушылық жасауда кінəлі деп танылған адамға жаза тағайындау кезінде не оны қылмыстық жауаптылықтан немесе жазадан босату кезінде сот өз бастамасы бойынша не қылмыстық процесс тараптарының өтінішхаты бойынша оның жүріс-тұрысына үш айдан бір жылға дейінгі мерзімге ерекше талаптар белгілеуі мүмкін, онда психологиялық көмек көрсету, сондай-ақ:
1) жəбірленушінің кəмелетке толмаған жəне (немесе) əрекетке қабілетсіз отбасы мүшелерін қоса алғанда, жəбірленушінің еркіне қарамастан, оны іздестіруге, оның ізіне түсуге, оған баруға, онымен ауызша, телефон арқылы сөйлесуге жəне өзге де тəсілдермен байланыс жасауға;
2) атыс қаруын жəне басқа да қару түрлерін сатып алуға, сақтауға, алып жүруге жəне пайдалануға;
3) алкогольдік ішімдіктерді, есірткі, психотроптық заттарды тұтынуға толық көлемде немесе жеке-жеке тыйым салу көзделеді.
- Қылмыстық құқық бұзушылықты күш қолдана отырып жасаған адамның жүріс-тұрысына ерекше талаптар белгіленген кезде жəбірленуші мен оның отбасы мүшелерін күзету жəне қорғау үшін сот айрықша жағдайларда, қылмыстық құқық бұзушылықты күш қолдана отырып жасаған адамға тұрғын үйде жəбірленушімен бірге тұруға тыйым салу түрінде құқықтық ықпал ету шара сын отыз тəулікке дейінгі мерзімге қолдануға құқылы.
- Сотталған адамның не өзіне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру тараптардың татуласуына орай тоқтатылған адамның жүріс-тұрысына ерекше талаптардың қолданылу мерзімі ішінде оған профилактикалық əңгімелесу үшін айына бір реттен төрт ретке дейін ішкі істер органдарына келіп тұру міндеттері жүктелуі мүмкін.
- Осы Кодекстің 108-1-бабының екінші бөлігі, 109-1-бабының екінші бөлігі бойынша өзіне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру тараптардың татуласуына орай тоқтатылған адамның жүріс-тұрысына ерекше талаптардың қолданылу мерзімі ішінде оған сот шешімімен профилактикалық əңгімелесу үшін айына бір реттен төрт ретке дейін ішкі істер органдарына келіп тұру міндеті жүктеледі.
- Татуласуға байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылған адамға ерекше талаптар Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 165-бабында айқындалған тəртіппен белгіленеді.»;
7) 99-баптың үшінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «өмір бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
8) 105-бап мынадай редакцияда жазылсын: «105-бап. Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу, өзін-өзі өлтіруге көндіру немесе өзін-өзі өлтіруге ықпал ету
- Жəбiрленушiнi қорқыту, оған қатыгездiкпен қарау немесе оның адами қадір-қасиетiн үнемі қорлау арқылы адамды өзiн-өзi өлтіруіне дейін немесе өзiн-өзi өлтіруге оқталуына дейiн жеткiзу, сол сияқты оны өзін-өзі өлтіруге көндіру не соған ықпал ету – үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
- Мынадай:
1) кінəлі адамға дəрменсіз күйде екені көрінеу белгілі не кінəлі адамға материалдық жағынан немесе өзгеше түрде тəуелді адамға қатысты;
2) екі немесе одан да көп адамға қатысты жасалған;
3) алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы немесе қылмыстық топ жасаған;
4) телекоммуникация желілерін, оның ішінде Интернет желісін пайдалану арқылы жасалған дəл сол іс-əрекет – бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
- Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, кəмелетке толмаған адамға қатысты жасалған іс-əрекеттер – бес жылдан тоғыз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.».
9) 106-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
10) 107-бапта: бірінші бөліктің екінші абзацындағы «екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға» деген сөздер «екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға» деген сөздермен ауыстырылсын; екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
11) мынадай мазмұндағы 108-1 жəне 109-1-баптармен толықтырылсын: «108-1-бап. Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру
- Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру – екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не елу тəулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
- Мынадай:
1) екі немесе одан да көп адамға қатысты;
2) адамның қызметтік жұмысын жүзеге асыруына немесе кəсіптік немесе қоғамдық борышын орындауына байланысты осы адамға немесе оның жақындарына қатысты;
3) аса қатыгездікпен, сол сияқты кінəлі адамға дəрменсіз күйде екені көрінеу белгілі не кінəлі адамға материалдық жағынан немесе өзгеше түрде тəуелді адамға қатысты жасалған;
4) адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған; 5) бұзақылық ниетпен;
6) əлеуметтік, ұлттық, нəсілдік, діни өшпенділік немесе араздық уəжі бойынша;
7) бірнеше рет;
8) көрінеу кəмелетке толмаған адамға қатысты жасалған дəл сол іс-əрекет – бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
«109-1-бап. Ұрып-соғу
- Тəн ауруына ұшыратқан, бірақ денсаулыққа жеңіл зиян келтіруге алып келмеген ұрып-соғу немесе өзге де зорлық-зомбылық əрекеттерін жасау – сексен айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не жиырма бес тəулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
- Мынадай:
1) екі немесе одан да көп адамға қатысты;
2) адамның қызметтік жұмысын жүзеге асыруына немесе кəсіптік немесе қоғамдық борышын орындауына байланысты осы адамға немесе оның жақындарына қатысты;
3) кінəлі адамға дəрменсіз күйде екені көрінеу белгілі не кінəлі адамға материалдық жағынан немесе өзгеше түрде тəуелді адамға қатысты жасалған; 4) адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған; 5) бұзақылық ниетпен;
6) əлеуметтік, ұлттық, нəсілдік, діни өшпенділік немесе араздық уəжі бойынша;
7) бірнеше рет;
8) көрінеу кəмелетке толмаған адамға қатысты жасалған дəл сол іс-əрекеттер – бір жүзден екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бір жүзден екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не отыз тəуліктен елу тəулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.»;
12) 110-бапта: бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жəбірленушіні азаптау мақсатында аса қатыгездікпен, қорлаумен жасалған зорлық-зомбылық əрекеттері арқылы тəн зардабына немесе психикалық зардап шегуге ұшырату, егер бұл іс-əрекет денсаулыққа ауыр немесе ауырлығы орташа зиян келтіруге алып келмесе, – бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»; екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «төрт жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
13) 120-баптың төртінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «өмір бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
14) 121-баптың төртінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «өмір бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
15) мынадай мазмұндағы 121-1-баппен толықтырылсын:
«121-1-бап. Он алты жасқа толмаған адамдарға сексуалдық сипатта тиісу Көрінеу он алты жасқа толмаған адамға қатысты сексуал дық сипаттағы ұсыныстармен, оның ішінде Интернет желісін қоса алғанда, телекоммуникация желілерін пайдалана отырып жасалған ұсыныстармен немесе тиісушілікпен ұштасқан сексуалдық сипаттағы əдепсіз əрекеттерді жасау – белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қыз метпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не елу тəулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.»;
16) 124-баптың тақырыбындағы жəне мəтініндегі «Жас балаларды», «Көрінеу жас балаға», «Жас балаға» деген сөздер тиісінше «Он алты жасқа толмаған адамдарды», «Көрінеу он алты жасқа толмаған адамға», «Он алты жасқа толмаған адамға» деген сөздермен ауыстырылсын;
17) 125-бапта: екінші бөліктің 5) тармағы алып тасталсын; үшінші бөлік мынадай мазмұндағы 2-1) тармақпен толықтырылсын: «2-1) көрінеу кəмелетке толмаған адамға қатысты жасалса;»;
18) 126-бапта: екінші бөліктің 5) тармағы алып тасталсын; үшінші бөлік мынадай мазмұндағы 2-1) тармақпен толықтырылсын: «2-1) көрінеу кəмелетке толмаған адамға қатысты жасалса;»;
19) мынадай мазмұндағы 313-1-баппен толықтырылсын: «313-1-бап. Өзін-өзі өлтіруді насихаттау
1.Өзін-өзі өлтіруді насихаттау, яғни осы Кодекстің 105-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар белгілері болмаған кезде шектелмеген адамдар тобында өзін-өзі өлтіруге бару шешімін қоздыру мақсатында ақпаратты кез келген нысанда қасақана тарату – екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына жазаланады.
- Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, бір жəне одан да көп адамның өзін-өзі өлтіруге оқталуына алып келген іс-əрекет – бір жылға бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
- Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, адамның өзін-өзі өлтіруіне алып келген іс-əрекет – үш жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
20) 467-баптың 1-1-бөлігі «ережелері» деген сөзден кейін «осы Кодекстің 108-1 жəне 109-1-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адам дарға қатысты, ал» деген сөздермен толықтырылсын.
- 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне:
1) 32-баптың үшінші бөлігі: «110» деген цифрлардың алдынан «108-1 (бірінші бөлігінде), 109-1 (бірінші бөлігінде),» деген сөздермен толықтырылсын; «121 (бірінші бөлігінде),» деген сөздерден кейін «121-1,» деген цифрлармен толықтырылсын;
2) 136-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «2. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99, 106, 107, 108-1 (екінші бөлігінде), 109-1 (екінші бөлігінде), 110, 120, 121 (3-1-бөлігінде), 122, 123, 124, 170 (төртінші бөлігінде), 175, 177, 178, 184, 255 (төртінші бөлігінде), 263 (бесінші бөлігінде), 286 (төртінші бөлігінде), 297 (төртінші бөлігінде), 298 (төртінші бөлігінде), 299 (төртінші бөлігінде)-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасады деп күдік келтірілетін, айыпталатын адамдарға жасалған қылмыстың ауырлығы жəне (немесе) қылмыстық құқық бұзушылықтың саралануы уəжімен бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен ұстау қолданылуы мүмкін.»;
3) 191-бапта: екінші бөлікте: «107 (бірінші бөлігінде),» деген сөздерден кейін «108-1 (екінші бөлігінде),» деген сөздермен толықтырылсын; «313,» деген цифрлардан кейін «313-1 (екінші жəне үшінші бөліктерінде),» деген сөздермен толықтырылсын; он алтыншы бөлікте: «Қылмыстық кодексінің» деген сөздерден кейін «108-1 (бірінші бөлігінде), 109-1,» деген сөздермен толықтырылсын; «119 (бiрiншi бөлiгiнде),» деген сөздерден кейін «121-1,» деген цифрлармен толықтырылсын; «306 (бiрiншi бөлiгiнде),» деген сөздерден кейін «313-1 (бiрiншi бөлiгiнде),» деген сөздермен толықтырылсын.
- 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кəсіпкерлік кодексіне:
1) 129-бапта: мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын: «4-1. Осы Кодекстің 130-бабын, 131-бабының 1, 2, 3 жəне 4-тармақтарын, 131-1-бабын, 154-бабының 2-тар мағын жəне 157-бабын қоспағанда, осы тараудың күші балалардың тамақтануына, тұруына, оларға медициналық көмек көрсетуге, білім беруге, оларды тəрбиелеуге, сауық тыруға (қызметтер көрсету басталғанға дейін жəне оларды көрсету кезеңінде) мемлекеттік бюджеттен қаржы ландырылатын мемлекеттік бақылау мен қадағалау субъектілерін (объектілерін) мемлекеттік бақылауға жəне қадағалауға қолданылмайды.»;
6-тармақ 3) тармақшасындағы «мемлекеттік бақылау бөлігінде шарттық қатынастарды орындауға байланысты мемлекеттік бақылауға қолданылмайды.» деген сөздер «мемлекеттік бақылау;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) балалардың тамақтануына, тұруына, оларға меди циналық көмек көрсетуге, білім беруге, оларды тəр биелеуге, сауықтыруға (қызметтер көрсету басталғанға дейін жəне оларды көрсету кезеңінде) мемлекеттік тапсырысты орналастыруға байланысты жəне мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шарттар мен өзге де мəмілелердің орындалуын мемлекеттік бақылау бөлігінде шарттық қатынастарды орындауға байланысты мемлекеттік бақылауға қолданылмайды.»;
2) 144-бап мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:
«8-1. Меншік түріне, нысанына жəне ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, стационарлық үлгідегі интернаттық ұйымдарға, білім беру ұйымдарына жəне баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдарға, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдар үшін стационар, жартылай стационар жағдайларында арнаулы əлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынатын ұйымдарға қатысты бақылау субъектісін алдын ала хабардар етпестен жəне тексеруді тағайындау туралы актіні тіркеместен, оны кейіннен құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу жөніндегі уəкілетті органға келесі жұмыс күні ішінде ұсына отырып, объектілерге жоспардан тыс тексеру жүргізілуі мүмкін.».
- 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Респуб ликасының Еңбек кодексіне:
1) 97-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Жұмыс беруші жұмыскерге тұрмыстық зорлықзомбылықтан зардап шеккендерге арнаулы əлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынатын ұйымдарда болған кезеңде жалақы сақталмайтын, бірақ күнтізбелік отыз күннен аспайтын демалыс беруге міндетті.
Жалақы сақталмайтын демалыс оның ұзақтығы көрсетіліп жəне арнаулы əлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну туралы шарттың көшірмесі ұсыныла отырып, жұмыскердің жазбаша хабарламасы негізінде беріледі.»;
2) 157-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 17-1) тармақшамен толықтырылсын:
«17-1) үш жасқа дейінгі баласы (балалары) бар атааналарға жəне өзге де заңды өкілдерге, сондай-ақ медициналық қорытындыға сəйкес отбасының науқас мүшесіне күтім жасауды жүзеге асыратын жұмыскерлерге берілетін кепілдіктер мен жеңілдіктер туралы;».
- 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы жəне денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне:
1) 7-бап мынадай мазмұндағы 59-7) тармақшамен толық тырылсын: «59-7) əкімшілік, қылмыстық құқық бұзушылықты күш қолдана отырып жасаған адамдарға денсаулық сақтау ұйымдарында психологиялық көмек көрсетудің тəртібі мен шарттарын əзірлейді жəне бекітеді;»;
2) 12-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 21-3) тар мақшамен толықтырылсын:
«21-3) əкімшілік, қылмыстық құқық бұзушылықты күш қолдана отырып жасаған адамдарға денсаулық сақ тау ұйымдарында психологиялық көмек көрсетуді ұйымдастырады;».
- 2023 жылғы 20 сəуірдегі Қазақстан Республикасының Əлеуметтік кодексіне:
1) 1-баптың 1-тармағында:
8) тармақшадағы «қызметтерді ұсыну» деген сөздер «қыз меттерді арнаулы əлеуметтік көрсетілетін қыз меттерді ұсынуға арналған лицензия негізінде ұсыну» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 124-1) жəне 124-2) тармақ шалармен толықтырылсын:
«124-1) өмірдегі қиын жағдай – осы Кодексте көзделген негіздер бойынша адамның тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын деп танылған, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын жағдай;
124-2) өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарға (отбасыларға) мемлекеттік органдардың құзыреті шегінде жан-жақты қолдау көрсетудің интеграцияланған моделі (бұдан əрі – интеграцияланған модель) – ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту мақсатында уəкілетті мемлекеттік органның үйлестіруімен мемлекеттік органдардың қатысуын көздейтін ұйымдастырушылық жəне функционалдық тəсіл;»;
2) 12-бап мынадай мазмұндағы 3-1), 4-1) жəне 9-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«3-1) арнаулы əлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынатын субъектілерге арнаулы əлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынуға арналған лицензияны береді;»;
«4-1) арнаулы əлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынатын мемлекеттік ұйымдардың бірінші басшыларын ротациялауды жүргізу қағидаларын бекітеді;»;
«9-1) медициналық-əлеуметтік есепке алуды жүргізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру мен үйлестіруді жүзеге асырады;»;
3) 18-бап мынадай мазмұндағы 34-1) жəне 34-2) тар мақшалармен толықтырылсын:
«34-1) өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) мемлекеттік органдардың құзыреті ше гінде жан-жақты қолдаумен қамту жөніндегі жұмысты уəкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тəртіппен үйлестіру;
34-2) уəкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тəртіппен медициналық-əлеуметтік есепке алуды жүргізу;»;
4) 19-бап мынадай мазмұндағы 20-1) тармақшамен толықтырылсын: «20-1) өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) мемлекеттік органдардың құзыреті шегінде жан-жақты қолдаумен қамту жөніндегі жұмысты үйлестіру;»;
5) 133-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген негіздер бойынша арнаулы əлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаждар қатарына жатпайтын адамға (отбасына), сондай-ақ əкімшілік, қылмыстық құқық бұзушылықты күш қолдана отырып жасаған адамға сот ерекше талаптар белгілеген кезеңде арнаулы əлеуметтік көрсетілетін қызметтер ұсыну көрсетілетін қызметтерді алушының қара жаты есебінен уəкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тəртіппен жүзеге асырылады.»;
6) 12-тараудың 2-параграфы мынадай мазмұндағы 138-1-баппен толықтырылсын:
«138-1-бап. Өмірде қиын жағдайға ұшыраған адамдарды (отбасыларды) ерте анықтау
Уəкілетті мемлекеттік орган өмірде қиын жағдайға ұшыраған адамдарды (отбасыларды) ерте анықтау жəне оларға қолдау көрсетуді, оның ішінде интеграцияланған модель арқылы қолдау көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі субъектілердің (білім беру, денсаулық сақтау, ішкі істер органдарының) қатысуымен ұйымдастырушылықпрактикалық іс-шаралар кешенін үйлестіреді».
- «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сəуір дегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 43-баптың 7-тармағы мынадай мазмұндағы 9-3) тармақшамен толықтырылсын:
«9-3) кондоминиум объектісінде пəтер иелерінің тұруына (болуына) қауіпсіз жағдайлар жасауға бағыт талған іс-шаралар кешенін қамтамасыз етуді;»;
2) 43-1-баптың 2-тармағының үшінші бөлігі мынадай мазмұндағы 8-3) тармақшамен толықтырылсын:
«8-3) кондоминиум объектісінде пəтер иелерінің тұруына (болуына) қауіпсіз жағдайлар жасауға бағыт талған іс-шаралар кешенін қамтамасыз етуді;».
- «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару жəне өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 6-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын:
«14-1) мемлекеттік органдардың құзыреті шегінде неке жəне отбасы институтын нығайту, өмірде қиын жағдайға ұшыраған адамдарды (отбасыларды) əлеуметтік-экономикалық қолдау, анықтау жəне оларға жан-жақты қолдау көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі негізгі нысаналы индикаторларды бекіту;»;
2) 27-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 39) – 50) тар мақшалармен толықтырылсын:
«39) өмірде қиын жағдайға ұшыраған адамдарды (отбасыларды) əлеуметтік-экономикалық қолдау бо йын ша үкіметтік емес ұйымдармен, жеке жəне заңды тұлға лармен ынтымақтастықты қамтамасыз етеді;
40) бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік отбасы саясатын іске асыру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізеді;
41) өмірде қиын жағдайға ұшыраған адамдарды (отбасыларды) анықтау жəне оларға қолдау көрсетуді ұйым дастыру, халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету бойынша шараларды ұйымдастырады;
42) Қазақстан Республикасының заңнамасына сəй кес, өмірде қиын жағдайға ұшыраған адамдарды (отбасыларды) əлеуметтік-экономикалық қолдау жəне өзге де көмек жөніндегі аумақтық бағдарламалар мен іс-шаралар жоспарларын əзірлейді жəне бекітеді;
43) өмірде қиын жағдайға ұшыраған адамдарды (отбасыларды) ерте анықтау жəне оларға қолдау көрсетуді ұйымдастыру тиімділігінің индикаторларын əзірлейді жəне бекітеді;
44) Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес, өмірде қиын жағдайға ұшыраған адамдарға (отбасыларға) жан-жақты қолдау көрсетудің негізгі бағыттарын əзірлеу мен іске асыруға қатысады;
45) аудандарда жəне қалалардағы аудандарда халықты əлеуметтік қорғау жəне жұмыспен қамту мəселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың жанынан отба сын қолдау орталықтарын құрады жəне (немесе) олардың қызметін ұйымдастырады;
46) халықты əлеуметтік қорғау жəне жұмыспен қамту мəселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органның үйлестіруімен, өмірде қиын жағдайға ұшыраған адамдарды (отбасыларды) ерте анықтау жəне оларға қолдау көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі субъектілер (білім беру, денсаулық сақтау, ішкі істер органдары) қатысқан кезде оларды ерте анықтау мен қолдау көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі мобильді топтарды құрады жəне (немесе) ұйымдастырады;
47) аудандық халықты əлеуметтік қорғау бөлімдерінің өмірде қиын жағдайға ұшыраған адамдарды (отбасы ларды) ерте анықтау жəне оларға қолдау көрсе туді ұйым дастыру жөніндегі субъектілердің (білім беру, денсаулық сақтау, ішкі істер органдарының) əлеуметтікэкономикалық қолдау бойынша өзара іс-қимылын қамтамасыз ету жөніндегі қызметін үйлестіреді; 48) өмірде қиын жағдайға ұшыраған адамдарды (отбасыларды) ерте анықтау жəне оларға қолдау көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі субъектілер (білім беру, денсаулық сақтау, ішкі істер органдары) қызметінің тиімділігін бағалауды жүргізеді;
49) өмірде қиын жағдайға ұшыраған адамдарды (отбасыларды) анықтайды жəне есепке алуды жүргізеді, олардың статистикалық деректерін жинауды жүзеге асырады, себептерін талдауды, жүйелі мониторингтеуді жүргізеді;
50) білім беру саласындағы жергілікті атқарушы орган дардың жанынан психологиялық қолдау орталықтарын құрады жəне (немесе) олардың қызметін ұйымдастырады.»;
3) 29-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 4-2) тармақшамен толықтырылсын: «4-2) Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уəкілмен келісу бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бала құқықтары жөніндегі өңірлік уəкілін тағайындайды жəне қызметтен босатады;»;
4) 31-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 34) – 42) тармақшалармен толықтырылсын:
«34) өмірде қиын жағдайға ұшыраған адамдарды (отба сы ларды) əлеуметтік-экономикалық қолдау бо йынша үкіметтік емес ұйымдармен, жеке жəне заңды тұлғалармен ынтымақтастықты қамтамасыз етеді;
35) өмірде қиын жағдайға ұшыраған адамдарды (отбасыларды) анықтау жəне оларға қолдау көрсетуді ұйымдастыру, халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету бойынша шараларды ұйымдастырады;
36) Қазақстан Республикасының заңнамасына сəй кес, өмірде қиын жағдайға ұшыраған адамдарды (отбасыларды) əлеуметтік-экономикалық қолдау жəне өзге де көмек жөніндегі аумақтық бағдарламалар мен іс-шаралар жоспарларын əзірлейді;
37) өмірде қиын жағдайға ұшыраған адамдарды (отбасыларды) ерте анықтау жəне оларға қолдау көрсетуді ұйымдастыру тиімділігінің индикаторларын əзірлейді;
38) Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес, өмірде қиын жағдайға ұшыраған адамдарға (отбасыларға) жан-жақты қолдау көрсетудің негізгі бағыттарын əзірлеу мен іске асыруға қатысады;
39) аудандарда жəне қалалардағы аудандарда халықты əлеуметтік қорғау жəне жұмыспен қамту мəселелері жөнін дегі жергілікті атқарушы органдардың жанынан отбасын қолдау орталықтарын құрады жəне (немесе) олардың қызметін ұйымдастырады;
40) халықты əлеуметтік қорғау жəне жұмыспен қамту мəселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органның үйлес тіруімен, өмірде қиын жағдайға ұшыраған адамдарды (отбасыларды) ерте анықтау жəне оларға қолдау көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі субъектілер (білім беру, денсаулық сақтау, ішкі істер органдары) қатысқан кезде оларды ерте анықтау мен қолдау көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі мобильді топтарды құрады жəне (немесе) ұйымдастырады;
41) Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес, өмірде қиын жағдайға ұшыраған адамдарды (отбасыларды) ерте анықтау жəне оларға қолдау мен өзге де көмек көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі субъектілер (білім беру, денсаулық сақтау, ішкі істер органдары) қызметінің тиімділігін бағалауды жүргізеді;
42) өмірде қиын жағдайға ұшыраған адамдарды (отба сыларды) анықтайды жəне есепке алуды жүргізеді, олар дың статистикалық деректерін жинауды жүзеге асы рады, себептерін талдауды, жүйелі мониторингтеуді жүргізеді.».
- «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» 2002 жылғы 8 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 12-6) тармақшамен толықтырылсын:
«12-6) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бала құқықтары жөніндегі өңірлік уəкілі – Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уəкілдің өз қызметін қоғамдық негізде жүзеге асыратын өкілі, оған тиісті əкімшілік-аумақтық бірлікте мемлекеттік жəне қоғамдық институттармен өзара іс-қимыл жасай отырып, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің негізгі кепілдіктерін қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіру жөніндегі функциялар жүктеледі;»;
2) 7-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) зорлық-зомбылыққа, қатыгездікпен қарауға, буллингке ұшыраған кəмелетке толмағандарға, сондай-ақ олардың көзінше жеке адамға қарсы құқық бұзушылықтар жасалған кəмелетке толмағандарға көмек көрсету бағдарламаларын əзірлеу жəне бекіту;»;
3) 7-2-бапта:
4) тармақшадағы «қорғаныс,» деген сөз алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) отбасы, əйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау мəселелері бойынша «111» байланыс орталығының қызметін жəне мемлекеттік жəне қоғамдық институттармен өзара іс-қимылын ұйымдастыруды үйлестіреді.»; мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бала құқықтары жөніндегі өңірлік уəкілі қызметінің тəртібін Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уəкілетті органы бекітеді.»;
4) 2-тарау мынадай мазмұндағы 7-12-баппен толықтырылсын:
«7-12-бап. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бала құқықтары жөніндегі өңірлік уəкілі
Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бала құқықтары жөніндегі өңірлік уəкілі:
1) баланың құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына қатысты жолданымдарды жəне жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдардың, олардың лауазымды адамдарының баланың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін бұзатын шешім деріне немесе əрекеттеріне (əрекетсіздігіне) шағымдарды қарайды;
2) баланың құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің кедергісіз іске асырылуына жəне олар бұзылған жағдайда қалпына келтірілуіне жəрдем көрсетеді;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсынымдарды əзірлейді жəне Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уəкілге енгізеді;
4) жергілікті атқарушы органдарға жəне білім беру, денсаулық сақтау жəне халықты əлеуметтік қорғау, мəдениет жəне спорт жүйелерінің ұйымдарына, сондай-ақ кəмелетке толмағандар ұсталатын қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелеріне кедергісіз барады;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сəй кес тиісті əкімшілік-аумақтық бірлікте балалардың құқықтарымен айналысатын мемлекеттік жəне қоғамдық институттардың құжаттарына сұрау салу бойынша қол жеткізуге құқылы;
6) Қазақстан Республикасының бала құқықтары туралы заңнамасына сəйкес өзге де өкілеттіктерді орындайды.»;
5) 52-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Білім беру ұйымдары жəне меншік түріне, ныса нына жəне ведомстволық бағыныстылығына қарамастан баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдар, мəдениет жəне спорт органдары мен ұйымдары мемлекеттік бақылау субъектілері болып табылады.»;
6) мынадай мазмұндағы 52-1-баппен толықтырылсын:
«52-1-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) білім беруді басқару органдарына қатысты мемлекеттік бақылау
- Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) білім беруді басқару органдарына қатысты мемлекеттік бақылау облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыс тық маңызы бар қалалардың) білім беруді басқару орган дары қызметінің Қазақстан Республикасының бала құқықтары туралы заңнамасының талаптарына сəйкестігін қамтамасыз етуге бағытталған жəне оны Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уəкілетті органы жүзеге асырады.
- Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қала лардың) білім беруді басқару органдарына мемлекеттік бақылауды жүргізу тəртібі жəне осы тексерілетін органдардың қызметіне қойылатын талаптар осы Заңда белгіленген тəртіппен жүзеге асырылады.
- Тексеру мынадай əрекеттердің бірін жасау:
1) мемлекеттік бақылау субъектісіне бару;
2) тексеру нысанасына қатысты қажетті ақпаратты сұрату;
3) мемлекеттік бақылау субъектісін Қазақстан Республикасының бала құқықтары туралы заңнамасында белгіленген талаптарды сақтауы туралы ақпаратты алу мақсатында шақыру арқылы жүргізіледі.
- Мемлекеттік бақылау субъектілерінің осы баптың 2-тармағына сəйкес белгіленген талаптарды сақтауы тексеру нысанасы болып табылады.
- Мемлекеттік бақылау субъектісіне қатысты жоспарлы тексеру осы баптың 2-тармағында көзделген талаптарды сақтау мəселелерінің кешені бойынша үш жылда бір рет жүргізіледі.
Мемлекеттік бақылау субъектісіне қатысты жоспардан тыс тексеру осы баптың 2-тармағында көзделген талап тарды сақтаудың жекелеген мəселелері бойынша тағайындалады.
- Білім беру саласындағы уəкілетті органның бірінші басшысы бекіткен жəне құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу саласындағы уəкілетті органға жоспарлы тексерулер жүргізілетін жылдың алдындағы жылдың 20 желтоқсанына дейін жіберілген жыл сайынғы тізбе мемлекеттік бақылау субъектісіне жоспарлы тексеруді тағайындауға негіз болып табылады. Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уəкілетті органы жоспарлы тексерулер тізбесін жоспарлы тексерулер жүргізілетін жылдың алдын дағы жылдың 25 желтоқсанына дейінгі мерзімде өз интернет-ресурстарына орналастырады.
Жоспарлы тексерулер тізбесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу бақылау субъектілері таратылған, қайта ұйымдастырылған, атаулары өзгертілген, олардың арасында өкілеттіктер қайта бөлінген жағдайларда, сон дай-ақ табиғи жəне техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған, төтенше жағдай режимі енгізілген, эпидемияның, карантиндік объектілер мен аса қауіпті зиянды организмдер ошақтарының, инфекциялық, паразиттік аурулардың, уланулардың, радиациялық авариялардың таралуының жəне соған байланысты шектеулердің пайда болуы немесе олардың пайда болу қатері төнген жағдайларда жүзеге асырылады.
Жоғарыда аталған жағдайлар туындаған кезде жоспарлы тексеру ұзартылуы, тоқтатыла тұруы жəне қайта басталуы мүмкін.
Жоспарлы тексерулер тізбесі өзгертілген жағдайда жоспарлы тексерулердің өзгертілген тізбесі де құқықтық статистика жəне арнаулы есепке алу саласындағы уəкілетті органға жіберіледі.
- Мемлекеттік бақылау субъектілерін жоспардан тыс тексерудің негіздері мыналар болып табылады:
1) білім беру саласындағы уəкілетті органның, Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уəкілетті органының бірінші басшысының тапсырмасы;
2) прокурор талабы немесе қылмыстық қудалау органының тапсырмасы; 3) тексеру нəтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалардың орындалуын бақылау;
4) құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жеке жəне заңды тұлғалардың жолданымдары;
5) Қазақстан Республикасының бала құқықтары туралы заңнамасының талаптарын бұзудың нақты фактілері бойынша жеке жəне заңды тұлғалардың, сондай-ақ мемлекеттік органдардың жолданымдары;
6) бұқаралық ақпарат құралдарындағы Қазақстан Респуб ликасының бала құқықтары туралы заңнамасының бұзушылықтары туралы жарияланымдар мен хабарламалар. Жоспардан тыс тексерулер анонимдік жолданымдар түскен жағдайларда жүргізілмейді.».
- «Автомобиль көлiгi туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
22-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толық тырылсын:
«4. Он алты жасқа толмаған, ата-анасы жəне (немесе) өзінің заңды өкілі ертіп жүрмеген адамды қоғамдық көліктен мəжбүрлеп түсіріп кетуге тыйым салынады.».
- «Кəмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушы лықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз жəне панасыз қалуының алдын алу туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) мынадай мазмұндағы 12-1-баппен толықтырылсын:
«12-1-бап. Білім беру ұйымдарының функциялары Білім беру ұйымдары мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) кəмелетке толмағандардың құқыққа қайшы іс-əрекеттер жасауы немесе осындай іс-əрекеттердің олар ға қатысты жасалу фактілері, оның ішінде кəсіптік қыз метіне байланысты өздеріне белгілі болған білім беру ұйымдарынан тыс фактілер туралы құқық қорғау органдарына дереу хабарлайды;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен білім алушылар мен тəрбиеленушілерге психологиялық-педагогикалық қолдап отыруды көрсетеді;
3) педагогикалық баса назар аударуды талап ететін білім алушылар мен тəрбиеленушілерді мектепішілік есеп ке алуды жүргізеді жəне оларға уақтылы қолдау көрсетеді.»;
2) 19-6-бапта:
1-тармақ «шаралары» деген сөзден кейін «, сондайақ зорлық-зомбылыққа, қатыгездікпен қарауға жəне буллингке ұшыраған кəмелетке толмағандарға не олардың көзінше жеке адамға қарсы құқық бұзушылықтар жасалған кəмелетке толмағандарға психологиялық, əлеуметтік жəне өзге де көмек көрсету, оларды бейімдеу жəне оңалту бойынша үйлестіру, сол сияқты өздеріне қатысты зорлықзомбылық жасалған кəмелетке толмағандарға көмек көрсету бағдарламасын іске асырудағы үйлестіру» деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Медициналық-əлеуметтік есепке алуды жүргізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру мен үйлестіруді халықты əлеуметтік қорғау саласындағы уəкілетті мемлекеттік орган жүзеге асырады.».
- «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-баптың 50-3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«50-3) психологиялық-педагогикалық қолдап отыру – білім беру ұйымдарында іске асырылатын, про цесінде білім алушыларды, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау негізінде ерекше білім беруді қажет ететін адамдарды (балаларды) ойдағыдай оқыту жəне дамыту үшін əлеуметтік жəне психологиялық-педагогикалық жағдайлар жасалатын жүйеліұйымдастырылған қызмет;»;
2) 40-баптың 4-тармағының бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
12) «білім берудің білім беру-сауықтыру ұйымдары».
- «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» 2009 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 17-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Тұрмыстық зорлық-зомбылық қатері немесе фактілері анықталған кезде уəкілетті мемлекеттік органдар мен көмек көрсету жөніндегі ұйымдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес өз құзыреті шегінде құқық бұзушылықтардың жеке профилактикасы шараларын қабылдайды.»;
2) 18-баптың 1-тармағы 3) тармақшасындағы «мате риалдар негіз болып табылады.» деген сөздер «мате риалдар;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) бұқаралық ақпарат құралдарындағы, сондай-ақ онлайн- платформалардағы зорлық-зомбылық фактілері туралы хабарламалар негіз болып табылады.».
- «Рұқсаттар жəне хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1-қосымшада: 3-жолдың 3 жəне 4-бағандары мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:
«9.Кəмелетке толмағандарға білім берусауықтыру көрсетілетін қызметтерін ұсыну
Иеліктен шығарылмайтын; лицензияның қолданылу мерзімі 1 жыл; 1-сынып »; мынадай мазмұндағы 88-жолмен толықтырылсын:
«88. Арнаулы əлеуметтік көр сетілетін қызметтерді ұсынуға арналған лицензия
Арнаулы əлеуметтік көрсетілетін қызметтердің барлық түрі
Иеліктен шығарыл майтын; лицензияның қолданылу мерзімі 3 жыл; 1-сынып».
2-бап. Осы Заң 2025 жылғы 1 қаңтардан бас тап қол данысқа енгізілетін 1-баптың 7-тармағы 1) тармақшасының екінші абзацын, 2) тармақшасының екінші абзацын, 13-тармағының 2) тармақшасын, 15-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.ТОҚАЕВ
Астана, Ақорда, 2024 жылғы 15 сəуір
№ 72-VIІІ ҚРЗ
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1)54-бапта: бірінші бөліктегі «73-1, 73-2,» деген цифрлар алып тасталсын; екінші бөліктегі «ерекше жағдайларда тұрмыстық зорлықзомбылық жасаған адамға осы адамның басқа да тұрғынжайы болған жағдайда, жəбiрленушiмен бiрге жеке тұрғын үйде, пəтерде немесе өзге де тұрғынжайда» деген сөздер «айрықша жағдайларда, тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамға тұрғын үйде жəбiрленушiмен бірге» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 2-1-бөлікпен толық тырылсын:
«2-1.Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясында əкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамның жүріс-тұрысына ерекше талаптар бел гіленген кезде сот психологиялық көмек көрсету бойынша шаралар белгілеуге құқылы.»;
2) 64-бапта: бірінші бөлікте:
«73-1 (бірінші бөлігінде), 73-2 (бірінші бөлігінде),» деген сөздер алып тасталсын;
«79 (бірінші бөлігінде),» деген сөз дерден кейін «127-2,» деген цифрлармен толықтырылсын;
1-1-бөлікте:
бірінші абзацтағы «73, 73-1 (1-1-бөлігінде), 73-2 (1-1-бөлігінде) жəне 73-3-баптарда» деген сөздер «73 жəне 73-3-баптарында» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзацтағы «, 73-1-бабының 1-1-бөлігі жəне 73-2-бабының 1-1-бөлігі» деген сөздер алып тасталсын;
3) 73-баптың бірінші бөлігіндегі «жеке тұрғын үйде, пəтерде немесе өзге де тұрғын жайда» деген сөздер «тұрғын үйде» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 73-1 жəне 73-2-баптар алып тасталсын;
5) 127-бапта: тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «127-бап. Кəмелетке толмаған адамды тəр биелеу жəне (немесе) оған білім беру, оның құқықтарын жəне (немесе) мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді, қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды орындамау»; бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Ата-аналардың немесе басқа да заңды өкілдердің кəмелетке толмаған балаларды тəр биелеу жəне (немесе) оларға білім беру, олардың құқықтарын жəне (немесе) мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді, қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ оларға күтім жасау жəне олар ды күтіп-бағу жөніндегі шараларды орындамауы –»;
6) мынадай мазмұндағы 127-2-баппен толық тырылсын: «127-2-бап. Кəмелетке толмаған адамды жəбірлеу (буллинг, кибербуллинг)
- Кəмелетке толмаған адамды жəбірлеу (буллинг, кибербуллинг) – ескерту жасауға немесе он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
- Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, əкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған əрекет – отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
- Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көз делген, он екі жастан он алты жасқа дейінгі кəмелетке толмаған адам жасаған əрекет – ата-аналарына немесе оларды алмастыратын адамдар ға ескерту жасауға немесе он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
7) 461-бапта: мынадай мазмұндағы 1-1-бөлікпен толық тырылсын:
«1-1. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, əкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қай талап жасалған əрекет – жиырма тəулік мерзімге əкімшілік қамаққа алуға алып келеді.»; екінші бөліктің бірінші абзацындағы «бірінші бөлігінде» деген сөздер «бірінші жəне 1-1-бөліктерінде» деген сөздермен ауыс тырылсын;
8) 593-бап мынадай мазмұндағы 1-1-бөлік пен толықтырылсын: «1-1. Он алты жасқа толмаған, ата-анасы жəне (немесе) өзінің заңды өкілі ертіп жүрмеген адамды қоғамдық көліктен мəжбүрлеп түсіріп кету – бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
9) 684-баптың бірінші бөлігінде: «73-1, 73-2,» деген цифрлар алып тасталсын; «126,» деген цифрлардан кейін «127-2,» деген цифрлармен толықтырылсын;
10) 804-баптың бірінші бөлігінде:
1) тармақшада: «73-1, 73-2,» деген цифрлар алып тасталсын; «127,» деген цифрлардан кейін «127-2,» деген цифрлармен толықтырылсын;
4) тармақшадағы «73-1, 73-2,» деген цифрлар алып тас талсын;
5) тармақшадағы «73-1 (бірінші бөлігі), 73-2 (бірінші бөлігі),» деген сөздер алып тасталсын;
49) тармақшадағы «127-1,» деген цифрлар «127, 127-1, 127-2,» деген цифрлармен ауыстырылсын;
65) тармақшадағы «135-бап» деген сөздер «127, 127-1, 127-2, 135-баптар» деген сөздермен ауыстырылсын.
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.ТОҚАЕВ
Астана, Ақорда, 2024 жылғы 15 сəуір № 73-VIІІ ҚРЗ
egemen.kz