Ақтөбе облысында су тасқынына қатысты жағдай тұрақты
«Жалпы осы уақытта су тасқынына қатысты жағдай облысымызда тұрақты деңгейде. Облыс әкімінің төрағалығымен Жедел штаб тәулік бойы жұмыс атқаруда. Ахуалды толығымен бақылап отырмыз», – деді спикер.
Ақтөбе облысы бойынша жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттық төтенше жағдай 6 ауданда және Ақтөбе қаласында жарияланды. Жол учаскелерінің суға толып, шайылып кетуі нәтижесінде облыстағы 11 елді мекенмен жол қатынасы уақытша үзіліп тұр. Қалпына келтіру жұмыстары 24/7 режимінде жүргізілуде. Сонымен қатар, су тасқыны салдарынан өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасылардан бүгінгі күні 206 адамға 64 млн теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік төлем жүргізілді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасады.
Зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинауға 2 пункт құрылып, барлығы 300 тоннаға жуық тауар жиналды. Соңдай-ақ, бүгін түнде Қырғызстан Республикасының атынан гуманитарлық көмек келді.