Маңызды мәселелер талқыланды
Өткен аптада аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы болып өтті. Жиынды кеңес төрағасы Жаңылсын Ысмағұлова ашып, кеңестің күн тәртібіндегі мәселелермен таныстырды.
Отырысқа аудандық қоғамдық кеңестің мүшелері мен дербес бөлім басшылары қатысты.
Жиын барысында күн тәртібіне сәйкес «Азаматтардың өтініштерін қарау жөніндегі жұмыс туралы» аудан әкімі аппаратының басшысы Қуантай Бишенов пен Бадамша ауылдық округінің әкімі Ернар Дабилдиннің «Аудан орталығының аумағын абаттандыру және санитарлық тазарту бойынша екі айлық өткізуге дайындық туралы» баяндамалары тыңдалды.
Сондай-ақ, барлық деңгейдегі қоғамдық кеңестер үшін азаматтарға арналған қоғамдық кеңес беруді ұйымдастыру және өткізу ұсыныстарымен қоғамдық кеңес төрағасы Жаңылсын Ысмағұлованың хабарламасы таныстырылды.
Кеңес мүшелері қаралған мәселелерді талқылай отырып, өз ұсыныс-пікірлерін айтты.
Атап айтқанда, биыл қардың қалың түсуіне байланысты ауылішілік көшелердегі қарларды тазалап шығару мен жеке секторларда тұратын тұрғындарға үйлерінің жанындағы арықтарды тазартуға байланысты ақпараттандыру жұмыстарының қолға алынғандығы және де су ағар арықтарды тазалау жұмыстарын жүргізу, көшелерді жарықтандыру, тұрмыстық қалдықтарды шығаратын полигонды тазарту жұмыстары, оған қоса орталық саябақты тазарту мен абаттандыру сынды бірқатар маңызды мәселелер талқыға түсті.
Осылайша, отырыс жұмысын кеңес төрағасы қорытындылап, айтылған ұсыныс-пікірлерлер бойынша тиісті басшылық орындарға ұсынылатынын және орындалуы бақылауда болатынын жеткізді.
Гүлжазира МЫРЗАБЕКОВА