Қасым-Жомарт Тоқаев Германияға ресми сапармен барды

Фото: Ақорда

АСТАНА. KAZINFORM — Қасым-Жомарт Тоқаев Федеральдық Президент Франк-Вальтер Штайнмайердің шақыруымен Германияға ресми сапармен барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Сапар аясында Берлинде ГФР Президенті Франк-Вальтер Штайнмайермен және Федеральдық Канцлер Фридрих Мерцпен келіссөздер жоспарланған.

Тараптар Қазақстан мен Германия арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайту перспективасын талқылайды. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Мюнхен қаласына барады. Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы Германияның маңдайалды компанияларының, қаржы және ғылыми институттарының жетекшілерімен, жоғары оқу орындарының ректорларымен кездесу өткізуді жоспарлап отыр.Президент Берлинде бизнес-форумға және Мюнхенде технологиялық бизнес-форумға қатысады.