Бала қауіпсіздігі – ортақ жауапкершілік

Жиынға қалалық полиция басқармасының өкілдері қатысып, бала тәрбиесі мен жасөспірімдер қауіпсіздігіне қатысты маңызды мәселелерді ортаға салды.
Мектеп директоры Индира Мұраталиева кездесуді ашып, бала тәрбиесінде мектеп пен отбасының өзара байланысы маңызды екенін атап өтті. Оның айтуынша, ата-ананың мектеппен тұрақты қарым-қатынасы баланың мінез-құлқын, ортасын және оқу барысын бақылауда ұстауға мүмкіндік береді.
Жиында Ақтөбе қаласы полиция басқармасының бөлім бастығы, полиция капитаны Манарбек Суғұрбаев пен Астана ауданы №1 қалалық полиция басқармасы, жергілікті полиция қызметі, полиция капитаны Дулат Өтемісов баяндама жасады.
— Бала тәрбиесінде ата-ананың жауапкершілігі ерекше. Отбасында балаға заң мен тәртіптің маңызын түсіндіріп, құқықтық мәдениетін қалыптастыру қажет. Жасөспірімнің кіммен араласатынына, бос уақытын қалай өткізетініне назар аудару – оның қауіпсіздігін қамтамасыз етудің бір жолы. Құқық бұзушылықтың алдын алу жұмысы отбасы мен мектептің, құқық қорғау органдарының бірлескен әрекетін талап етеді, —деді полиция капитаны Манарбек Суғұрбаев.
Кездесу барысында ата-аналар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, мамандардан жауап алды.
Қалалық білім бөлімінің әдіскері Данияр Қуанышбаев мұндай кездесулердің ата-аналардың құқықтық сауатын арттыруға және жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға ықпал ететінін атап өтті.
— Бала тәрбиесі мен оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету — бүкіл қоғамның ортақ міндеті. «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясындағы мұндай кездесулер білім беру ұйымы, құқық қорғау органдары және отбасы арасындағы байланысты нығайтады. «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыруда бірлескен профилактикалық және ағартушылық жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру маңызды, – деді ол.

А.НАҒАШЫБАЙҚЫЗЫ.