Депутат білім саласы ұжымымен кездесті

Бүгін, 23 сәуірде, «AMANAT» партиясының аудандық филиалының бекіткен жұмыс кестесіне сәйкес, аудандық маслихат депутаты Т.Глуханькова КМҚК «Ащылысай орта мектеп – балабақша» ұжымымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында қатысушыларға Жол карта аясында жүзеге асырылған жобалар туралы толық ақпарат берілді. Сондай-ақ, алдағы жылдарға арналған жоспарлар мен жаңа бастамалар таныстырылды.
Кездесудің соңында сайлаушылар өздерінің ұсыныстары мен өтініштерін жеткізіп, өзекті мәселелерді көтерді. Ұйымдастырушылар барлық пікірлерді назарға алып, олардың орындалуы бойынша жұмыс жүргізетіндігін жеткізді.




