ЖАСТАР ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚ

Қазіргі қоғамда жастар-елдің болашағы, мемлекет дамуының негізгі күші. Сондықтан олардың тек білімді ғана емес, сонымен қатар құқықтық сауатты болуы аса маңызды. Құқықтық сауаттылық дегеніміз-әрбір азаматтың өз құқықтары мен міндеттерін білуі, заң талаптарын түсінуі және оны күнделікті өмірде дұрыс қолдана алуы.

Бүгінгі таңда жастардың құқықтық мәдениетін арттыру-өзекті мәселелердің бірі. Көп жағдайда жасөспірімдер мен жастар заң талаптарын толық білмегендіктен түрлі құқықбұзушылықтарға жол беріп жатады. Бұл тек олардың болашағына ғана емес, қоғамның қауіпсіздігіне де кері әсерін тигізеді.

Сондықтан құқықтық білім беру мектептен бастап жүйелі түрде жүргізілуі тиіс. Қазіргі заманда ақпараттық технологиялардың дамуына байланысты жастардың құқықтық білім алуға мүмкіндігі кеңейеді. Интернет ресурстары, онлайн курстар, әлеуметтік желілер арқылы заң нормаларын түсіну жеңілдей түсті. Алайда дұрыс әрі сенімді ақпарат көздерін таңдау маңызды.

Гулзат САРБУПЕЕВА,

  аудандық сотының  бас маманы 

ТегтерЗаң