ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНДА УЛЫ ГАЗДАН САҚ БОЛЫҢЫЗДАР!

Жылыту маусымында улы газымен улану қаупі артады. Улы газы – түссіз, иіссіз, бірақ өте қауіпті. Негізгі себептері — ақаулы пештер, бітелген мұржалар және дұрыс желдетудің болмауы.
Қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін:
– пеш пен мұржаларды тұрақты түрде тексеріңіз;
– бөлмеде таза ауа айналымын қамтамасыз етіңіз;
– от толық жанбай жатып, түтін жүретін шиберді жаппаңыз;
– улы газын анықтайтын датчиктер орнатыңыз.
Улы газымен уланудың алғашқы белгілері (бас айналу, жүрек айну, әлсіздік) байқалса — бірден таза ауаға шығып, 101 немесе 112 нөміріне қоңырау шалыңыз.
Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!
Қарғалы ауданының ТЖБ




