БАБАЛАР АҢСАҒАН  ТӘУЕЛСІЗДІК

Тәуелсіздік өздігінен келген жоқ. Қаншама алыс арпалыстан өтті. Осы  шаттық өмірге жеткізген ата-бабалардың ерлік қайсарлығын бүгінгі ұрпақ қадірлеп,  қастерлеу парызымыз.

Мен Анарбек Житеуов осындай жарқын  кезеңде өмір есігін ашқан ұрпақтың бірімін. Біздің отбасымыз, яғни ата-анам Стпеной ауылында ауыл шаруашылығында еңбек еткен қарапайым жандар. Өзім де осы ауылда  1991 жылы 29 шілдеде дүниеге келіппін. Осы ауылдағы Сазды орта мектебін бітіріп, одан соң Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе университетінде «Спорт және дене шынықтыру»  саласы бойынша мамандық алып, бүгінгі күні өзім түлеп ұшқан мектепте  ұстаздық қызмет етіп келемін.

Жұбайым Бекзада да осы Сазды мектебінде кітапханашы болып жұмыс жасайды. Отбасымызда кішкентай қызымыз өсіп келеді. Жалпы айтпағым Тәуелсіздік  атқан таңында дүниеге келген біздер бақытты жандармыз. Тек сол кездің қадірін біліп, Тәуелсіздіктің бағасын өзімізден кейінгілерге аманаттай жүру, әр қазақстандықтың міндеті әрі  тәуелсіз елге деген құрметі деп білуіміз керек.

Осы сәтті пайдалана отырып, барша қазақстандықтарды келе жатқан  Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтай отырып, қарттарымызға қуат, жастарымызға сәтті жеңістер мен жігерлі намыс тілей отырып, еліміздің көк байрағы  көгімізде желбірей берсін демекпін.