Аудан активінің қатысуымен ақпараттық кездесу өтті

Бүгін аудан әкімдігінде жаңа Конституция жобасын халыққа түсіндіру мақсатында аудан активінің қатысуымен ақпараттық кездесу өтті.
Іс-шараға Қарғалы ауданының әкімі Нұрлыбек Унербаев, Қарғалы аудандық мәслихатының төрағасы Сапарбек Аманжолов, аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы, мекемелердің басшылары мен қоғамдық ұйым өкілдері және депутаттар қатысты.
Кездесу барысында қатысушыларға жаңа Конституция жобасының негізгі нормалары мен бағыттары таныстырылып, құжатта көзделген өзгерістердің мәні мен мазмұны кеңінен түсіндірілді.
Өз сөзінде аудан басшысы Конституциялық өзгерістер ел дамуының жаңа кезеңіне жол ашатынын атап өтті. Ол ұсынылып отырған жаңашылдықтар мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге және азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталғанын айтты.

Аудандық мәслихат төрағасы Конституция жобасының негізгілеріне тоқталып, оны халық арасында дұрыс әрі қолжетімді тілде түсіндіру жұмыстарының маңыздылығын атап өтті.
Отырыс соңында жаңа Конституция жобасы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын аудан көлемінде жалғастыру қажеттігі атап өтілді.








