АЭС құрылысы туралы
Ержанбаева Гүлжан,
№2 Бадамша орта мектебінің қазақ тілі пәні мұғалімі
Экономикалық тиімділік: Ұзақ мерзімді перспективада АЭС арзан әрі тұрақты энергия көзі болуы мүмкін. Бұл ел экономикасының дамуына және өнеркәсіптің өсуіне үлес қосады;
Технологиялық даму: АЭС салу жоғары технологиялық саланы дамытуға, ғылым мен техниканың алға жылжуына
септігін тигізеді.
Энергетикалық тәуелсіздік: АЭС Қазақстанның энергетикалық тәуелсіздігін арттыруға көмектеседі. Қазіргі уақытта елде электр энергиясы негізінен көмірден өндіріледі, ал атом энергиясы бұл саладағы әртараптандыруға ықпал ете алады;