Белгілі сазгер Шәмші Қалдаяқов 1930 жылы 15 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылында дүниеге келген. Шәмші Қалдаяқовтың қазақ ән өнерінің дамуына қосқан үлесі ерекше зор. Өткен ғасырдан бері бірнеше буын ұрпақтың аузынан түспей айтылып келе жатқан танымал әндердің авторы. 300-ге жуық әннің музыкасын жазған дарынды сазгер.
Шәмші әндерінің әрқайсысының өзіндік тарихы бар. Айталық, «Ана туралы жыр»25 нұсқамен жазылған, соңғы нұсқасы өзінің өміршеңдігімен ана туралы ең танымал туындыға айналды. Шәмші Қалдаяқов консерваторияда оқып жүрген кезінде «анасы өмірден озды» деген суық хабар естиді. Анасының мезгілсіз қазасы жанына қатты батып, ішіндегі сағынышын әнмен шығарады. Алматыға оралған бойда замандастарына жолығып, ана туралы ән жазғанын айтып, сол әнге сөз жазып беруді сұрайды. Сол тұста ақын Ғафу Қайырбековтың да анасы өмірден өткен екен. Анадан айрылудың ауырлығын бастан өткерген қос мұңдас бір-бірін сөзсіз ұғынып, дүниеге әсерлі ән келеді. Осылайша, бала күнімізден тыңдап өскен, балалық шақтың әнұранына айналған «Ана туралы жыр» анаға деген сағынышты әлі күнге әнмен жеткізіп келе жатыр.
Ал, «Ақ бантик» әні — бұл ризашылықтан туындаған ән. Қаражан Әбіләзимов деген досы жаңадан мектеп бітірген балауса қызбен үйленгеніне арнап шығарылған әншашу.
Еліміздің әнұранынына айналған «Менің Қазақстаным» әнінің сөзін жазған қазақтың танымал ақыны Жұмекен Нәжімеденов болса, қазақтың жезтаңдай әншісі Жамал Омарова апалары ең алғаш орындап, батасын берген деседі.1986жылы желтоқсаншыларға рух беріп, жалындаған жастардың ұраны болған ән,еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін2006жылы 6қаңтарда еліміздің әнұраны болып ресми қабылданды.
«Осы ән еліміздің әнұраны болар» деген Шәмші ағамыздың үміті ақталып, бүгінде әлемнің түкпір-түкпірінде көкке көтерілген көктуымызбен бірге шырқалар елдіңұранына айналды.
Атаққа әуес болмаған ұлы сазгер 1965жылы «Қазақстан комсомол сыйлығын» алса,ал 1991жылы «Қазақстан Республикасының Халық әртісі» құрметті атағы берілді.
Ұлы сазгерге қандай құрметте жарасады, жыл сайын 15тамыз – сазгердің туған күніне орай ел аумағында мәдени көпшілік шаралар ұйымдастырылып, ән кештері өтеді.
Әсем әуен әуелеген Шәмші ауылы
Аты айтып тұрғандай аудандағы Шәмші ауылы сазгердің туған күні аясында түрлі іс-шараларды ұйымдастыруды дәстүрге айналдырып келеді.
Өткен аптаның бейсенбісінде Шәмші ауылы жылдағы үрдіс бойынша әнге бөленіп, ұлы сазгерді ұлықтау іс-шарасы өтті.
Шараға ат арытып арнайы келген қонақтарды осы ауылдың ауылдық округі әкімдігінің бас маманы Ақайдар Урынбаев құттықтап,тілегін жеткізді.Шараға жиналғандар Шәмші ағаның ескерткішіне гүл шоқтарын қойысты. Жылдағы ұлы сазгерге құрметке алыстан арнайы келіп, тілектерін жеткізіп жүрген Шәмші қорының төрағасы, Қарғалы ауданының «Құрметті азаматы» Бақыт Ғизатовқұттықтау тілегін жеткізсе,қазіргі уақытта Хромтау қаласының тұрғыны, тарихшы, өлкетанушы Баянғали Құлтаев сазгермен кездескен кездерінен естелік айтып, сазгердің «Ана туралы жырын» әуелете орындап,көпшіліктің қошеметіне бөленді.Шәмші ауылының тұрғыны, ауылдың жанашыр азаматтарының бірі Қайырғали Арыстанғалиев жылда сазгерді еске алуға белсене қатысатын ауылдастарына ризашылығын жеткізді.
Шәмші ауылының даласы сазгердің әсем әуеніне бөленіп,ауыл клубында Петропавл, Шәмші ауылының өнерпаздарыәннен шашу шашты. Амир Нурмуханов «Ана туралы жыр», Гүлзия Ахметова «Кешікпей келем деп ең», Мағжан Мырзабайұлы «Сыған серенадасын» нақышына келтіре орындап,өзгеде өнерпаздар кештің барысын әсем әнмен жалғап отырды.
Ауыл халқыда әсем әуенге беріле әндеткен кеш биылда Шәмші ауылында өз деңгейінде ұйымдастырылып, көпшіліктің ризашылығына бөленді.
Бақыт Имашев
ауданның «Құрметті азаматы»