Құрылтай – ел бірлігі мен халық таңдауының көрінісі

Ертеректе, яғни ата-бабамыздың заманында «құрылтай» деген сөз жиі қолданыста болған. Ел ішіндегі шешімі қиын мәселелерді осы Құрылтайға салатын болған. Құрылтайдың құрамында сол кездегі ру-тайпа бассшылары немесе елге құрметті азаматтар мен халыққа жәрдемі тиген бай-бағландар болған. Құрылтайдың шешімі қайта талқыға салынбаған.
Осыны негізге ала отырып, Президентіміз Мемлекеттік билік жүйесінде: Қазақстанда конституциялық өзгерістерге байланытсы бірпалаталы заң шығарушы органды «Құрылтай» деп атауға ұсыныс жасаған еді. Ұсыныс бірауыздан қабылданып мемлекеттік саясат жүйесінде сөздік қолданысқа бірден еніп кетті.
Қадірлі жерлестер, барлығыңызды 23 тамыз күні ел игілігі жолында жаңа бірпалаталы заң шығарушы орган «Құрылтай» сайлауына қатысып, құрамына енетін партияларға да дауыс беріп, өз таңдауыңызды жасауға шақырамын.
Майлыбай Наздана,
Қарғалы аудандық мәдениет үйінің жас маманы




